977

15 жасынан бері ұйқыда жатқан Сауд Арабиясының ханзадасы 20 жылдан соң қайтыс болды

«Ұйқыдағы ханзада» атанған Әл-Уәлид жер қойнына тапсырылды.

15 жасынан бері ұйқыда жатқан Сауд Арабиясының ханзадасы 20 жылдан соң қайтыс болды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сауд Арабиясының ханзадасы, көпшілік арасында «ұйқыдағы ханзада» деп аталып кеткен Әл-Уәлид бин Халид Әл Сауд 20 жылдан астам уақыт комада жатқан соң 36 жасында қайтыс болды.

Ол 2005 жылы Лондонда болған жол апатынан кейін ес-түссіз күйге түскен. Сол кезде небәрі 15 жастағы ханзада әскери колледжде білім алып жүрген. Апат салдарынан ол ауыр бас-ми жарақатын алған.

Осы уақыт ішінде Әл-Уәлид Эр-Риядтағы ауруханада аппаратқа қосылып жатты. Дәрігерлер оның жағдайының оңалу мүмкіндігі жоқ екенін айтып, жасанды өмірді тоқтатуға кеңес берген. Алайда оның әкесі, ханзада Халед бин Талал ұлын аппараттан ажыратуға үзілді-кесілді қарсы болған және үмітін үзбей келген.

Ханзаданың қайтыс болғанын да әкесі өзі хабарлады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Алланың жазмышына сенген жүрекпен, терең қайғы мен күйзеліс ішінде сүйікті ұлымыз — Әл-Уәлид бин Халид бин Талал бин Әбдел Әзиз Әл Саудтың бұл дүниеден өткенін естіртеміз. Алла оны рақымына алғай!» — деп жазды.

Материал авторы