Армения Ресейде соғыстан қашқан дезертирді қайтарудан бас тартты

Азиз Қалижан Редактор
21.07.2025, 11:11
793
Армения Ресейде соғыстан қашқан дезертирді қайтарудан бас тартты РИА Новости / Алексей Майшев

Ресейлік әскери қызметкерлер сарбазды заңсыз алып кетуге әрекеттенген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Армения билігі Ресейде әскери борышын өтеп жүрген кезде соғысқа қатысудан бас тартқан ресейлік дезертирді Мәскеуге қайтармады. Бұл туралы анонимді құқық қорғаушылар мәлімдеді.

Әңгіме 25 жастағы Семен Субботин туралы. Ол Ресейдің Иваново облысындағы Тейково қаласында орналасқан стратегиялық мақсаттағы зымыран күштерінде радиотелефонист-атқыш болып қызмет еткен. 2024 жылдың қыркүйегінде соғысқа қатысудан бас тартып, елден қашып шыққан. Оған «Идите лесом» атты әскерден қашуға көмектесетін жоба қолдау көрсеткен.

Арменияға барғаннан кейін Субботин заңсыз мигрант мәртебесінде қалды. Өйткені Ресей билігі оның үстінен «әскери бөлімді өз бетінше тастап кету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, іздеу жариялаған. Артынша оған қысым көрсету немесе заңсыз елге қайтару үшін арнайы адамдар келгенін естіп, армян полициясына өзі жүгінген.

Заң бойынша бұл жағдайда Армения Ресейге сұраныс жөнелтіп, экстрадиция мәселесін сот шешуі тиіс. Субботин үш күнге қамауға алынған — осы уақытта Ресей тарапы экстрадицияға қажетті құжаттарды ұсынуы керек еді. Алайда оның орнына ресейлік әскери қызметкерлер тікелей келіп, Субботинді заңсыз алып кетуге әрекеттенген.

Құқық қорғаушылар бұл әрекетке дереу жауап қатып, Еревандағы «Эребуни» полиция бөлімі мен прокуратураға шағымданған. 72 сағат өткен соң армян полицейлері Субботинді босатып, қорғаушысының қолына тапсырған.

Қазір Субботин бостандықта, ал экстрадиция мәселесі әзірге ашық күйде қалып отыр. Егер Ресей 40 күн ішінде ресми сұрау жолдамаса, Армения Субботинге қатысты іздеуді тоқтатып, істі жаба алады.

Құқық қорғаушылар армян полициясының әрекетін заң шеңберінде және кәсіби деп бағалап отыр. Олар Армениядағы ресейлік әскери дезертирлерге қауіп төніп тұрғанын ескертіп, бұл жағдай – бұрынғы оқиғалардың жалғасы екенін еске салады.

Мысалы, 2023 жылдың соңында Дмитрий Сетраков есімді дезертирді Ресейдің әскери полициясы Армениядан заңсыз ұстап әкетіп, кейін Ростовтағы тергеу изоляторына қамаған. Сол сияқты, тағы бір ресейлік – Анатолий Щетинин де Арменияда жоғалып кеткен. Ол 2023 жылы әскери бөлімінен қашып, 2024 жылы ресейлік консулдықтан шыққанда ұсталып кеткен. Қазір оның қайда екені белгісіз.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді