546

Маңғыстауда 36 жастағы ер адам жоғалып кетті

Таңертең үйден шығып кеткен ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр.

Маңғыстауда 36 жастағы ер адам жоғалып кетті
Lada.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау ауылында тұратын 36 жастағы Берік Беркімбаев 8 шілде күні таңертең үйден шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Жақындарының айтуынша, ер адам сол күннен бері байланысқа шықпаған. Іздестіру жұмыстарына туыстары өз бетімен кіріскен, полицияға да арыз түсірілген, бірақ әзірге нәтиже жоқ.

Берік Беркімбаевтың үстінде сұр түсті капюшоны бар жейде, қоңыр шалбар және қара көзілдірік болған.

Туыстары оны көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдардан 102 нөміріне немесе келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: +7 701 898 88 51,  +7 775 671 06 57.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор