Жазира Жаппарқұл: «Олимпиада жүлдегері болсам да, айлығым легионерлерден аз болды»

21.07.2025, 12:01
1087
Жазира Жаппарқұл: «Олимпиада жүлдегері болсам да, айлығым легионерлерден аз болды» бейнежазбадан

Ауыр атлет қазақ спортшыларының өз елінде кемсітуге ұшырайтынын айтып күйінді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл ұлттық құрамадағы әділетсіздік туралы ашық айтты. Оның сөзінше, шетелден келген легионерлер қазақстандық спортшылардан әлдеқайда көп жалақы алған. Бұл туралы ол Ақырыс Сейтқазының Youtube-арнасына берген сұхбатында айтқан.

«Мен спортта жүрген кезде өз елімізде туған спортшылар емес, шетелден келгендерге басымдық берілетін. Әрине, олар да адам, ақша табуы керек, отбасы бар. Бірақ біздің ауылдың балалары қара нанмен өскен, спортқа жанын салып келеді. Сонда да жалақы жағынан біз олардан төмен тұрдық», - дейді спортшы.

Ол Олимпиададан елге медаль әкелсе де, жоғары жалақы алмағанын айтады. Керісінше, басшылар қаржы тапшылығын алға тартып, келісілген ақшаны да толық төлемеген.

«Жыл басында 400 мың теңге жалақымен келісімшарт жасадым. Бірақ мамырдан кейін бұл сома екі есеге қысқарып, тек 200 мың теңге ғана алатын болдым. Себебі ақша жоқ деді. Кейін бапкер болғанда алған алғашқы жалақым 85 мың теңге ғана болды», - дейді Жазира Жаппарқұл.

Айта кетейік, Жазира Жаппарқұл - Олимпиада ойындарында жүлде алған алғашқы қазақ қызы. Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада ауыр атлетикадан күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды