Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

26.03.2023, 10:19
731
Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды inform.kz

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Карина Ибрагимова күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

 

Қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта финалда италиялық Ирма Тестамен шеберлік байқасты.

Азия чемпионы, екі мәрте әлем біріншілігінің қола жүлдегері К. Ибрагимованың қарсыласы да мықты еді. Ирма Теста – 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола, өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 2019 жылғы Еуропа чемпионы. Екеуінің де жасы 26-да.

Бірінші раундта бес төреші түгелдей И. Теста басым деп тапты. Ақыры қазылар жеңісті италиялық боксшыға берді – 5:0.

Осылайша, Карина Ибрагимова өз спорттық жолында алғаш рет әлем біріншілігінің күміс медалін жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық Ләззат Күнгейбаева аса ауыр салмақта ертең финалдық кездесуін марокколық Марди Хадиджамен өткізеді.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды