800

«Бірге-бір шық»: Асхат Тағыберген «Ақтөбе» жанкүйерін төбелеске шақырды

Қостанайлық клубтың ойыншысы Ақтөбе жанкүйерімен жанжалдасып қалды.

«Бірге-бір шық»: Асхат Тағыберген «Ақтөбе» жанкүйерін төбелеске шақырды
instagram.com/fctobol

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген тағы да жанкүйермен жанжалдасып қалды. Бұл жолы ол қарсылас команданың жанкүйерін бірге-бір кездесуге шақырып, желіде қызу талқыланған видеожазбаның кейіпкеріне айналды.

ҚПЛ-дың 17-туры аясында өткен «Ақтөбе» мен «Тобыл» арасындағы матч 0:0 есебімен аяқталды. Ойын нәтижесіне көңілі толмаған ақтөбелік жанкүйерлер қонақ команда ойыншыларына түрлі сөздер айтып, эмоциясын жасырмады. Осы сәттердің бірінде Ашхат Тағыбергеннің ашуы ұстап, ол жанкүйерге: «Бірге-бірге шықшы, бәрібір келе алмайсың» деп жауап берген.

Желі қолданушылары бұл жағдайға бейжай қарамай, пікірін білдірді. Бірі футболшыны түсінуге тырысса, енді бірі кәсіби спортшы мұндай әрекетке жол бермеуі тиіс екенін айтты.

Айта кету керек, Тағыберген бұған дейін де жанкүйерлермен сөзге келіп жүрген. Мәселен, өткен маусымда «Ордабасы» клубының намысын қорғап жүрген кезінде ол өзін балағаттаған жанкүйерді жеке сөйлесуге шақырған. Сол оқиға да біраз шу тудырған еді.

Қазіргі уақытта «Тобыл» 35 ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орында, ал «Ақтөбе» 33 ұпаймен төртінші сатыда орналасқан.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор