SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, психолог Құралай ханым інісінің қазасынан кейін ауыр күйзелісті бастан кешкенін және ерекше терапияға жүгінгенін айтты. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсеміздің подкастында бөлісті.
Оның сөзінше, 2020 жылы карантин кезінде анасы қатты ауырып, Қаскелеңде тыныс алу аппаратынсыз жатқан. Сол кезде Құралай ханым бауырын Астанаға көшіріп, үй салуға көндірген. Бірақ көп ұзамай ағасы жүрек талмасынан көз жұмыпты.
«Өзімді кінәлі сезіндім. Себебі оны жылы орнынан қозғап, туған жерінен ажыраттым. Ағайын-туысы мен ортасынан алыстаттым. Содан кейін қатты күйзеліп кеттім», – деді ол.
Кейін Құралай ханым табыт терапиясынан өткен. Бұл – психологиядағы ең ауыр тәжірибелердің бірі.
«Нағыз табытқа жаттым, құлағыма жаназа намазы қойылды. Жолдасыммен қоштастым, балаларымды аманаттадым. Бір кезде анамның «Куся» деген үнін естіп, атып тұрдым. Сол сәтте ғана тірі екенімді сезіндім. Психологым «Сен ең бірінші тұрып кеткен адамсың. Бұлардың бәрінен ерте қалыпқа келесің» деді. Сол сөз бойыма қуат берді», – дейді ол.
Сондай-ақ, жеңгеcі де оны жұбатып, ағасының тірі кезінде бар шаруасын реттеп кеткенін айтып, Құралай ханымды жұбатқан. Терапиядан кейін ол біртіндеп есін жинай бастаған.
RUS