Жансая Әбдімәлік турнирден кетуін түсіндірді, ал ФИДЕ басшысы шахматшылардан кешірім сұрады

26.03.2023, 10:11
805
Жансая Әбдімәлік турнирден кетуін түсіндірді, ал ФИДЕ басшысы шахматшылардан кешірім сұрады smartnews.kz

Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович Үндістандағы Гран-при турнирінің қатысушыларынан кешірім сұрады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ФИДЕ сайтындағы мәліметке қарағанда, Үндістанға келген шахматшылар ұйымдастырушылардың өрескел қателігінен бірқатар қолайсыздыққа тап болған.

Соның салдарынан Қазақстан өкілі Жансая Әбдімәлік жарысқа қатысудан бас тартқан. 11 шахматшы қалғандықтан, турнир кестесін қайта жасауға тура келді, дегенмен Гран-при кезеңі өтеді.

Дворкович қалған 11 қатысушыдан кешірім сұрап, барлығына хат жолдаған.

«ФИДЕ сондай-ақ қосымша координатор белгілейді. Ол толығымен қатысушылардың қарамағында болады және кез келген барлық қосымша шығынға өтемақы ұсынады», - делінген ФИДЕ сайтында.

Бұдан бөлек әйелдер турнирлерін ұйымдастырудың қағидасы мен стандарты қайта жіті қаралып, алдағы іс-шараларды ұйымдастырушылардың біліктілігі арттырылатыны жазылған.

Айта кетейік, кеше шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде пост жариялап, онда Делиде басталған маңызды Гран-при турнирінен Жансая Әбдімәлік аяқасты кетіп қалғанын жазды. Айтуынша, Жансаяға ұйымдастырушылардың дұрыс қарсы алмауы ұнамаған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді