Астанада түсірілген әлемдік блокбастер жарыққа шықпақ

21.07.2025, 20:10
549
Астанада түсірілген әлемдік блокбастер жарыққа шықпақ SMARTNEWS.KZ коллажы

Фильмде Хәрри Поттер жұлдызы Том Фелтон ойнаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Хәрри Поттердегі» Драко Малфой рөлімен танылған актер Том Фелтон Астанада түсірілген жаңа фантастикалық фильмде бой көрсетті. «Альтер» деп аталатын туынды желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Фильмде киберпанк пен антиутопия элементтері аралас, болашақта генетикалық тұрғыдан «жақсартылған» адамдар қоғамды басқарып, қарапайымдар шетке ысырылған. Фелтон мүгедектер арбасына танылған өнертапқыштың рөлінде ойнайды. Ол экзосүйек жасап, жүйеге қарсы шығады.

Фильм режиссері — «Iron Sky» арқылы аты шыққан фин режиссері Тимо Вуоренсола. Жобаның бюджеті — 15 миллион доллар. Премьерасы 2024 жылы Канн кинофестивалінде өтті, ал әлемдік прокатқа 2025 жылдың 18 қыркүйегінде шығады.

Қазақстандықтарды таңғалдырғаны — фильмнің кейбір эпизодтарының дәл Астанада түсірілуі. Тизерде «Нұр Әлем» сферасы мен Назарбаев орталығы анық көрінеді.


Фелтон үшін бұл рөл жаңа карьералық бетбұрыс болуы мүмкін дейді киносыншылар. Бұрын ол тәуелсіз драмаларда бой көрсеткен. Variety басылымы «Альтер» актердің басты рөлдерге қайта оралуына мүмкіндік береді деп санайды.

Ал қазақстандық көрермендер болса, «Хәрри Поттер» жұлдызының қатысуы мен Астананың футуристік образда көрсетілуіне қызығып, фильмнің прокатын тағатсыздана күтуде.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді