494

Ертең Ресей мен Украинаның үшінші келіссөзі болмақ

Осы келіссөзде Зеленский Путинмен кездесуді ұсынбақ.

Ертең Ресей мен Украинаның үшінші келіссөзі болмақ
Guglielmo Mangiapane / Reuters

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина мен Ресей өкілдері арасындағы келесі келіссөз 23 шілдеде Стамбулда өтеді. Бұл жөнінде Украина президенті Владимир Зеленский кешкі видеоүндеуінде мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, Киев келіссөз үстелінде үш негізгі мәселені көтермек. Оның ішінде соғыста тұтқынға түскендерді айырбастау, Ресейге күштеп әкетілген украин балаларының елге қайтарылуы жән е екі ел басшыларының ықтимал кездесуіне дайындық.

Бұл – Түркияда өтетін үшінші келіссөз. Бұған дейін тараптар 16 мамыр мен 2 маусым күндері Стамбулда жүздесіп, тұтқын алмасу жөнінде уағдаласқан болатын. Сонымен қатар, қақтығысты реттеуге қатысты меморандум жобаларымен алмасқан.

Материал авторы