Қызылордада полицей парамен ұсталды
Күдіктінің үстінен іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысында полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме таратты.
Ресми дерекке сәйкес, Арал ауданындағы тәртіп сақшысы пара алды деген күдікке ілінген.
«Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкеріне қатысты заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық іс тіркелді. Тергеу мүддесіне сай, өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген хабарламада.
Ведомство қызметкердің шеніне немесе лауазымына қарамастан кез келген заңсыздыққа қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті.
«Қазір тіркелген дерек бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қызметтік тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады департамент.
Материал авторы