Атырауда ойын алаңындағы 5 жасар баланың жарақатына әкімдік ата-ананы кінәлады

22.07.2025, 11:27
606
Атырауда ойын алаңындағы 5 жасар баланың жарақатына әкімдік ата-ананы кінәлады azh.kz

Қатты соққыдан басынан қан сорғалады дейді баланың анасы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет орталық алаңында бес жасар Әлихан Меңдібай жаңа орнатылған ойын алаңында ойнап жүріп, ауыр жарақат алды.

Бала темір қоршауға соғылып, басынан қатты жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның басына бірнеше тігіс салған.

Алиханның анасы Ақерке Алдиярова болған жайтты айтып берді:

«Отбасымызбен серуенге шықтық. Субұрқақ жанындағы жаңа ойын алаңына кірдік. Ол жерде балалармен қатар үлкен қыздар да тербетіліп ойнап жүрді. Ұлым бізден бұрын жүгіріп өтіп бара жатқан. Тербетілмелі әткеншектердің жанынан өтпек болғанда, темірге басымен соғылып құлады. Қатты соққы болды – басынан қан сорғалады», – дейді анасы.

Оның айтуынша, оқиғадан кейін бала күйзеліске түсіп, жиі жылайды.

«Ойын алаңына темір қоршау қойып не керек? Бұл – балалар ойнайтын қауіпсіз орын болуы керек қой. Ал олар мені неге қарамадың деп айыптап жатыр», – дейді Ақерке.

Алайда ата-ананың шағымына жауап берген қала әкімдігі алаңның барлық құрылыс және техникалық талаптарға сай екенін мәлімдеді. Олар нысанның пайдалануға берілер алдында тиісті органдардың тексеруінен өткенін алға тартады.

«Оқиғаның орын алуына баланың қараусыз қалуы себеп болды. ҚР заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері толық жауап береді», – делінген әкімдік таратқан ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, жергілікті билік өкілдері ата-аналарды қоғамдық орындарда балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады