Түркістанда 50 шақты мектеп бухгалтерлері мен шенеуніктер 4 млрд теңгені «жеп» қойған

22.07.2025, 12:02
926
Түркістанда 50 шақты мектеп бухгалтерлері мен шенеуніктер 4 млрд теңгені «жеп» қойған SMARTNEWS.KZ коллажы

Білім басқармасындағылар мемлекеттен бөлінген 4 миллиард теңгені туған-туысқа бөліп берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісай ауданында 4 миллиард теңге бюджет қаржысын жымқырған іс бойынша 46 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында алқабилердің қатысуымен өткен процесте Жетісай аудандық білім бөлімінің екі лауазымды тұлғасы мен 44 мектеп есепшілеріне қатысты іс қаралды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі жеткізді.

Іс материалдарына сәйкес, 2021–2023 жылдар аралығында білім бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, бюджет қаржысын заңсыз иемденген. Олар мектепте жұмыс істемеген адамдардың атына жалақы аудару арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Айыпталушылардың ішінде М. мен Ш. кінәсін мойындамаған. Ал 43 бухгалтер мемлекетке жалпы сомасы 800 миллион теңге көлеміндегі қаражатты қайтарып берген.

Алқабилердің үкімі бойынша:

Ш. мен М. 9 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ш.-ға қатысты жаза 5 жылға кейінге шегерілді, себебі оның жас балалары бар. Тағы 2 адамның әрекеті қайта сараланып, 1 жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

34 адам 5 жылдан 8 жылға дейін түрмеге кесілді.

8 адамға 1 жылдан 3 жылға дейін бостандығын шектеу жазасы берілді.

Шығынды қайтару мәселесі азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралатын болды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды