Перизат Қайратқа 10 жыл жаза сұралды

22.07.2025, 12:30
1060
Перизат Қайратқа 10 жыл жаза сұралды SMARTNEWS.KZ коллажы

Прокурор соттан Перизатты он жылға, ал анасын 8 жылға соттауды сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының негізін қалаушы Перизат Қайрат пен анасы Гайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен келген қаражатты заңдастыру деректері бойынша қозғалған іс бойынша прокурорлар сотта жаза мерзімін жария етті.

Мемлекеттік айыптаушы Мәдина Оразалина соттағы сөзін «Жақсылықтың бетпердесі» деп атауды жөн көрген. Ол қазақ халқына ризашылығын білдіріп, ел ішіндегі қайырымдылық пен бірлік дәстүрінің құндылығын атап өтті. Алайда, прокурордың айтуынша, сотталушылар осы сенім мен дәстүрді өз пайдасына пайдаланған.

«Садақа — мансап жасау құралы емес. Егер тағы біреу ел сенімін пайдаланып, жақсылықтың бетпердесін киіп шыға келсе — ол қошемет емес, сот көреді. Халықтың сенімі — бренд емес, бұл — аманат. Ал аманатқа қиянат жасағандар түбінде әшкере болады», — деді Оразалина.

Бұл мәлімдеме Перизат Қайраттың «Amanat» партиясына қатысы бар ма деген сұрақ тудырды. Бірақ бұл сауалға нақты жауап әзірге жоқ.

Ал мемлекеттік айыптаушы Арман Қизікен тараптардың кінәсін толық дәлелденген деп есептеп, нақты мерзімді жариялады:

Перизат Қайрат — 10 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу.

Ғайни Алашбаева (анасы) — 8 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу.

Тергеу дерегінше, айыпталушылар халықтың сенімін теріс пайдаланып, 3 млрд 545 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған.

2024 жылдың 13 желтоқсанында Перизат Қайраттың мүлкіне тыйым салынды. Тергеу қорытындысына сай, қайырымдылыққа жиналған ақшаға элиталық үйлер, қымбат көліктер, зергерлік бұйымдар мен әлемдік брендтердің аксессуарлары алынған. 2025 жылдың сәуірінде Перизат Қайрат пен анасы қамауға алынды.

Сот процесі 14 шілдеде басталды. Көп бөлігі ашық өтті, жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алынды. Алайда 18 шілдеде Перизат Қайраттың өзі жабық сот отырысында түсінік берді.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді