Ресей келіссөз алдында Украинаның бірнеше қаласына жаппай шабуыл жасады

22.07.2025, 13:45
657
Ресей келіссөз алдында Украинаның бірнеше қаласына жаппай шабуыл жасады t.me/V_Zelenskiy_official

Сарапшылар Ресей бұл әрекетімен Батысқа қыр көрсетіп жатыр дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 шілде күні түнде Ресей күштері Украинаның бірнеше өңіріне, оның ішінде Одесса мен Сумы қалаларына дрондармен соққы жасады. Бұл шабуылдар Стамбұлда өтетін Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раундына бірер күн қалғанда орын алды.

Украина Қарулы күштерінің әуе күштері Telegram-арнасында түнгі сағат 2:00 шамасында Қара теңіз арқылы ұшырылған шабуылдаушы дрондар тобы туралы хабарлады. Арада біраз уақыт өткен соң Одесса мэрі Геннадий Труханов қалаға жасалған дрон шабуылы жайлы мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, дрон соққысынан кейін қаладағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің терезелері сынған, көлік тұрағында бірнеше автокөлік өртеніп кеткен. Сондай-ақ басқа бір ауданда әкімшілік ғимараттан өрт шыққан. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланбаған.

Ал Сумы облыстық әскери әкімшілігі бес көпқабатты үй, сауда орталығы мен 18 көліктің зақымданғанын хабарлады. Шабуыл салдарынан 12 адам жарақат алған, олардың бірі — 24 жастағы ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Стамбұлда жаңа келіссөз раунды өтпек

Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Киев келесі аптада Мәскеумен соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің үшінші раундын өткізуді ұсынған. Бұл ұсынысты Ресейге Украина Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы, делегация басшысы Рустем Умеров жеткізген.

Зеленскийдің айтуынша, келіссөздер 23 шілдеде Стамбұлда өтеді. Алайда Ресей тарапы кездесудің 24 шілдеге жоспарланғанын хабарлады. Кремль өкілі Дмитрий Песков Ресейдің келіссөздерге қатысуға дайын екенін растады, алайда делегация құрамында еш өзгеріс жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, 2 маусымда өткен екінші раунд нәтижесінде тараптар ауыр жараланған әскери тұтқындар мен 25 жасқа дейінгі сарбаздарды алмастыруға, сондай-ақ қаза тапқандардың 6000-нан астам денесін қайтаруға уағдаласқан болатын.

Алғашқы келіссөз 16 мамырда өткен еді. НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресей президентінің келіссөзге жеке қатыспағанын сынға алып, Владимир Путиннің орнына төмен деңгейдегі делегация жібергенін «қателік» деп атаған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды