«Өскемендегі зауытта жарылыс болды»: ШҚО экологтары тексеру жүргізді

26.03.2023, 11:19
535
«Өскемендегі зауытта жарылыс болды»: ШҚО экологтары тексеру жүргізді instagram.com/oskemen_online

Шығыс Қазақстан облысының экологтары әлеуметтік желіде Өскемендегі зауытта жарылыс болғаны жайлы тараған ақпаратқа қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Кеше әлеуметтік желіде Өскемендегі Объездное шоссе көшесінде орналасқан құрылысқа қажетті OSB-тақта шығаратын зауытта жарылыс болғаны жайлы ақпарат тарады. Онда зауыттағы реактор жарылып, соның салдарынан формалин, фенол сияқты химиялық заттар ауаға тарағаны жазылған.

Осыған орай ШҚО Экология департаментінің мамандары мен қалалық табиғат қорғау полициясының қызметкерлері зауытқа тексеру жүргізді.

«Тексеру барысында реактордың жарылуы туралы ақпарат расталмады. Цехта жылу алмастырғышты қатып қалған смоладан тазарту бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желіде тараған суреттегі цехтан шығып жатқан түтін - КВ-500 қазандығындағы бу.

АНК-4 газ анализатормен жүргізілген аспаптық өлшеулер нәтижесіне сәйкес, жұмыс алаңында және цехқа іргелес аумақта формальдегид, фенол, күкірт, азот оксидтері, фторид сутегі және гидрохлорид бойынша мөлшер шекті рұқсат етілген концентрациядан асқан жоқ», - делінген ақпаратта.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды