«Ең керемет жыл. Аллаға шүкір»: Перизат Қайрат ісінде чемодан толы ақша жайлы видео сөз болды

22.07.2025, 14:14
1617
«Ең керемет жыл. Аллаға шүкір»: Перизат Қайрат ісінде чемодан толы ақша жайлы видео сөз болды instagram.com/01pk

Прокурор Перизат Қайраттың телефонынан табылған бейнежазба туралы айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша өтіп жатқан сотта прокурор Арман Кезекен тәркіленген қымбат бұйымдардың жалпы құнын жария етті.

Айыптау тарапының мәліметінше, сотталушылардан алынған брендтік сөмкелер, аяқкиімдер мен әшекей бұйымдардың саны – 140, ал олардың жалпы құны – 158 миллион 289 мың 365 теңге. Бұл заттар қайырымдылық көмек көрсету сылтауымен жиналған қаражатқа сатып алынған.

Прокурор Ғайни Алашбаеваның позициясына жеке тоқталды. Ол сотта жауап беруден бас тартқанымен, тергеу барысында және іс материалдары арқылы көзқарасы анық көрініс тапқанын атап өтті.

«Ол өзін кінәсіз деп есептейді. Қызы Перизат Қайраттың әрекеттеріне еш қатысы жоғын айтты. Бірақ Қайрат Перизаттың телефонынан 20 мың теңгелік купюралармен толтырылған чемодан бейнеленген видео табылды. Бейнежазбада: «Не айтуға болады? Ең керемет жыл. Аллаға шүкір», — деген сөздер айтылады», — деді прокурор Арман Кезекен.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы тарап Перизат Қайрат пен оның анасына қандай жаза қолдануды сұрағанын мәлім еткен болатын. Сонымен қатар, прокурорлар Перизат Қайраттың анасына қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге ұсыныс жасаған.

Айта кетейік, кешегі сот отырысы жабық режимде өтті. Бұған істің ішінде банк құпиясын қамтитын құжаттар мен құпия деректердің қаралуы себеп болған. Соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, күннің алғашқы жартысында заттай айғақтар зерттеліп, бірқатар өтініштер қаралды. Сондай-ақ, сотта Перизат Қайраттан жауап алынған. Ал анасы — Ғайни Алашбаева жауап беруден бас тартты.

АҚШ Венесуэла мұнайын тасымалдаған алтыншы танкерді ұстады Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті Dala.Camp форумында мал шаруашылығы саласындағы жобалардың питчингі өтеді Петропавлда зейнеткер әйел үсіп қайтыс болды Түркістан облысында жұмыс берушінің қателігі ана мен баланы жәрдемақысыз қалдырды «Басы жарылып, құлағы естімейді»: Қазақ модель қыз Бали аралында қамауға алынды (ВИДЕО) Автобуспен Мәскеуден Ташкентке бет алған шетелдіктер жолда үсіп қалды Венесуэла оппозиционері Нобель сыйлығын Трампқа берді Боран, көктайғақ және қатты аяз: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Ақтауда сержант қызметтік КамАЗ астында қаза тапты Туыстары байланған жарамен тапқан: Талғар маңында әйел адамды пышақтап өлтірді Астанада 7 жасар шөбересін туған күнде зорлаған қария сотталды Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды Жұмбақ жағдайда қайтыс болған балалардың аналарын полиция ұстап әкетті (ФОТО) Air Astana қызметкерлері сотқа тартылды Актриса Альмира Тұрсын өзін балағаттағандарға қатаң ескерту жасады Куликов дауы: Қазақ және қырғыз халқы кондитерлік желіге жаппай бойкот жариялады (ВИДЕО) 600 мың теңгенің торт дауына сот нүкте қойды Шымкент базарында үнді студентіне тиіскендерге сот шешім шығарды (ВИДЕО) «Қазақ халқынан кешірім сұраймын»: Әкесін азаптаған ер адам сотта көз жасына ерік берді