1186

«37 млнға машина, 10 млнға қыдыру»: Перизат Қайраттың анасынан табылған «шығыс жоспары» әшкере болды

Ғайни Алашбаева шығын жоспарын телефонда жазып жүрген.

«37 млнға машина, 10 млнға қыдыру»: Перизат Қайраттың анасынан табылған «шығыс жоспары» әшкере болды
instagram.com/01pk

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сотта Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның телефонынан табылған ақша жұмсау жоспары жария етілді. Прокурордың айтуынша, ол онда 37 миллион теңгеге көлік, 10 миллион теңгеге қыдыру, 3 миллион теңгеге БАД ішу секілді жоспарларын жазып қойған.

Бүгін өткен жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Арман Қызыкен Алашбаеваның телефонынан табылған 2023 жылдың 16 тамызында жазылған жазбаны сөзбе-сөз оқып берді.

«Жазбада былай делінген: 37 млн теңге – машина, 5 млн – тіс емдеу, 10 млн – Түркияда емделу, 3 млн – БАД ішу, 10 млн – қыдыру, 3 млн – фэншуй, 1 млн – бадзы оқу, 2 млн – офлайн шараларға бару, 3 млн – киім, 3 млн – білезік, ақ алтын бриллиант», — деді прокурор.

Айыптау тарапының мәлімдеуінше, Перизат Қайрат бұл қаражаттың қайдан келгенін дәлелдей алмаған. Соттың жабық отырыстарында ол тек Астана мен БАӘ-де пәтер сатқанын айтып, ауызша түсініктеме берген. Алайда, бұл сөздері ресми құжаттармен расталмаған.

Мемлекеттік айыптаушылар соттан Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Материал авторы