SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілі, дәрігер Марван әл-Хамстың Израиль әскері тарапынан жараланып, тұтқындалғанын хабарлады.
Министрлік мәлімдемесіне сәйкес, әл-Хамс — «Абу Юсуф ан-Наджар» ауруханасының жетекшісі және аймақтағы далалық госпитальдердің жұмысын үйлестірген. Израиль армиясының арнайы жасағы оны ұстау кезінде күш қолданған, ол аяғынан жарақат алған.
«Оқиға куәгерлерінің айтуынша, израильдік күштер ұстау кезінде физикалық күш қолданған. Қазір дәрігер әл-Хамс тұтқында», — делінген министрлік мәлімдемесінде.
Газа үкіметі бұл әрекетті соғыс қылмысы деп бағалап отыр. Олардың дерегінше, әл-Хамс пен әріптестері мінген жедел жәрдем көлігіне оқ атылған. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан, тағы екеуі жараланған.
Министрлік бұл әрекетті медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне, пікір еркіндігіне және халықаралық гуманитарлық құқыққа қайшы деп санайды. Израильден әл-Хамсты дереу босатуды талап етті.
RUS