1111

Перизат Қайрат пен анасынан 4 қымбат көлігі мен 5 элиталық үйі тәркіленбек

Гүл дүкені де, шоттарындағы ақшалар да түгел тәркіленуі тиіс дейді прокурор.

Перизат Қайрат пен анасынан 4 қымбат көлігі мен 5 элиталық үйі тәркіленбек
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғани Алашбаеваға қатысты сот процесі жалғасуда. 2025 жылдың 22 шілдесінде өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тарап олардан тәркіленуі тиіс мүлік тізімін жария етті.

Прокурордың мәліметінше, айыпталушылар қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған жылжымайтын және жылжымалы мүлікті жәбірленушілерге өтемақы ретінде беру қажет деп санайды.

Тәркілеуге ұсынылған мүлік тізімі:

Көліктер:

Mercedes Benz S450

Lexus LX 600

Haval H6 GT

Mercedes Benz Iq 500

Жылжымайтын мүлік:

Астана қаласы, Е-899 көше, Vela Village саяжайындағы үй мен жер учаскесі

Астана, Амман көшесі, 21 (Ақбұлақ Ривьера ТҮК) жеке үй

Астана, Тәуелсіздік көшесі, 56/2 үйдегі пәтер (Kazzata Group А, Биа 7)

Астана, Нәжімеденов көшесі, 2 үйдегі пәтер (Highvill Gold Ishim)

Highvill Gold Ishim және Ақбұлақ Ривьера ТҮК-теріндегі автотұрақ орындары

Қаржы мен активтер:

Перизат Қайраттың дебиторлық берешегі – 46,7 млн теңге

Үстел теннисі федерациясы шотындағы 10 млн теңге

Rebel гүл дүкенінің жарғылық капиталындағы 100% үлесі

Перизат Қайрат пен анасының жеке шоттарындағы қаражат

Таратылған қайырымдылық қор шотындағы ақша

Гүл дүкенінің есепшотындағы қаражат

Сәнді заттар:

Қылмыстық жолмен алынған ақшаға сатып алынған сөмкелер, зергерлік бұйымдар, аяқ киім және түрлі аксессуарлар да тәркіленуі мүмкін.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор