Қарағандылық кәсіпкер Алика қазақтарды «мамбет», қазақ тілін «қалбит» деп тіл тигізгені үшін 2 айға қамалды

22.07.2025, 17:07
2054
Қарағандылық кәсіпкер Алика қазақтарды «мамбет», қазақ тілін «қалбит» деп тіл тигізгені үшін 2 айға қамалды бейнежазбадан / Threads желісінен скриншот

Күдіктінің елден кетуді жоспарлап жатқаны белгілі болды дейді полиция.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда 22 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиева әлеуметтік желідегі арандатушы пікірлері үшін екі айға қамауға алынды. Енді оған ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылып отыр.

Полиция мәліметінше, Алика Threads әлеуметтік желісінде қоғамда дау тудырған жазба жариялаған. Бұл жазбада ұлтаралық араздық белгілері болғаны анықталған. Пайдаланушылар оның сөзіне наразылық танытып, әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызған. Кейбіреулер тіпті қоқан-лоқы көрсеткен.

Кейінірек Алика желіде кешірім сұрап, бейнежазба жариялады. Алайда бұл жеткіліксіз деп танылды.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша (ұлтаралық араздықты қоздыру) қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Тергеу барысында 22 жастағы қарағандылық тұрғын Threads желісінде ұлтаралық араздық белгілері бар жазба жариялағаны анықталды. Сонымен қатар, күдіктінің елден тыс жерге кетуді жоспарлап жатқаны белгілі болды. Осыған байланысты тергеу органдары тарапынан бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы өтініш жасалды», – деді полиция өкілдері.

2025 жылдың 22 шілдесінде Қарағанды соты тергеу өтінішін қанағаттандырып, Алика Мұхамадиеваны екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Алика Мұхамадиева — Қарағандыда Қытайдан тауар жеткізу қызметімен айналысатын кәсіпкер. Сонымен қатар, оның киім және аксессуарлар дүкені бар.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады