Астанадағы жол апатынан екі аяғынан айырылған Алуа үйіне оралды
Астанада автобустың соқтығысуының кесірінен екі аяғынан айырылған 7 жасар Алуа ауруханадан шығарылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алуа Бекен қазір реабилитациялық емдеудің жаңа кезеңіне дайындалып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы хабарлады.
7 жастағы Алуа 18 шілде күні оңалту орталығынан шыққан. Анасының айтуынша, қыздың жағдайы қазір бірқалыпты, алда протез орнатуға дайындық кезеңі басталады.
«Қазір бәрі жақсы. Қызым өзін жақсы сезінеді. Жақын арада протезбен жұмыс істеуге кірісеміз. Реабилитацияны басқа орталықта жалғастырамыз», – деді Алуаның анасы.
Сондай-ақ, отбасыға уақытша тұру үшін алты ай мерзімге төрт бөлмелі пәтер берілген. Ал мемлекеттен сыйға берілген пәтердің құрылысы қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Материал авторы