Қайрат Нұртастың қызы халыққа үндеу жасап, жылап қалды
Қазағым, жүрегіме тимеңіздерші, мен де адаммын дейді Алау Қайратқызы.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртас әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшіліктен өзін түсінуді өтінді.
Ол соңғы уақытта желіде жиі жағымсыз пікірлер мен сынға ұшырап жүргенін айтып, эмоциялық жазба қалдырды.
«Бұл – менің өмірім. Менің бет-бейнем. Менің стилім. Қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін. Сіздер шешпейсіздер. Менің шын мәнінде қандай адам екенімді білмейсіздер де. Қазағым, өтініш. Жүрегіме тимеңіздерші, мен де адаммын. Сеземін. Ауырсынамын», – деп жазды ол өз парақшасында.
Алаудың жазбасынан кейін оның әжесі, продюсер Гүлзира Айдарбекова да пікір білдіріп, немересіне қолдау көрсетті.
«Дара қызым, жаным сол, шоу бизнес деген солай, ол жолдың бәрімен әкең жүріп келеді, даже мен де 20 жыл осылай. О баста түсінбедік, күйдік, жандық, ал қазір етіміз үйреніп кетті. Ал сен енді қадам бастың, бұл әлі басы ғана. Бәріне шыдам , сабыр керек, сен бәрін басыңнан өткізбей үлкен белестерге жетпейсің. Өмір болғасын ақ пен қара бірге жүреді ең бастысы басың аман болсын, отбасың аман болсын!
Өмір күрес ұмытпа қызым! Бірақ білесің ба қызым, өмірде небір керемет жақсы жандар да бар, қандай жағдай болғанда да қорғап-қолдап отыратын, кейде соны сезінгенде халықтың қошеметін, барлық қиындық артта қалғандай қуаныштың көз жасын да татасың. Жүреніңе Алланы сал да бәрін құдайға тапсыр. Сенде бәрі жақсы болады. Күнім менің, мен сені қатты жақсы көремін! Алауым алаулайсың әлі-ақ , уақыт емші, осыны ұмытпа!», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Алау Нұртас – Қайрат Нұртастың екінші қызы. Ол әлеуметтік желіде белсенді блог жүргізіп, өзіндік стилімен танылып келеді.
Материал авторы