ШҚО полицейі айыпталушылардан тәркіленген 13 млн теңгені жұмсап жіберген

26.03.2023, 12:57
535
ШҚО полицейі айыпталушылардан тәркіленген 13 млн теңгені жұмсап жіберген smartnews.kz

Шығыс Қазақстан облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері айыпталушылардан тәркіленген көлікті иемденгені және 13 млн теңгені өз қажетіне жұмсағаны үшін сотталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің ерекше маңызды істер бойынша тергеушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Белгілі болғандай, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, 2022 жылы айыпталушылардан тәркіленген «Skoda» маркалы автокөлікті иемденіп, 13 миллион теңгеден астам ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Жазаны ауырлататын өзге мән-жайлар анықталған жоқ.

«Сот шешімімен тергеуші кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ айыпталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылып, «Экономикалық тергеу қызметінің капитаны» арнайы атағынан босатылды», - делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады