Оралдық шенеуніктер қытайлық инвесторға цемент зауытын салуға кедергі келтірген

23.07.2025, 17:35
677
Оралдық шенеуніктер қытайлық инвесторға цемент зауытын салуға кедергі келтірген freepik.com

Іске прокуратура араласты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында салынуы тиіс цемент зауытының құрылысына жергілікті билік тосқауыл қойған. Инвестор мен шенеуніктер арасындағы дауға прокуратура араласуға мәжбүр болды.

Ресми мәліметке сәйкес, «СпецСтройСервис» ЖШС 2022 жылдан бері жаңа кәсіпорын салу жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба шеңберінде 60 жаңа жұмыс орны құрылып, жалпы инвестиция көлемі 75 миллиард теңгені құрайды. Қаржыландыруға қытайлық инвесторлар тартылған.

Алайда компания мен облыстық жер қатынастары басқармасы арасында келіспеушілік туындаған. Шенеуніктер кәсіпорынды жер телімін жалға алу келісімшартын бұзуға мәжбүрлеу үшін сотқа жүгінген. Бұл учаскеде инвестор зауыт жұмысына қажетті шикізатты өндіріп жатқан.

Даулы жағдайға облыстық прокуратура араласып, барлық мүдделі тараптармен фронт-офис алаңында кездесу өткізді. Прокурорлар шенеуніктерді талап-арыздан бас тартуға көндірген. Алайда кейінірек басқарма жалға алу келісімін біржақты бұзып, өз шешімін сотта қорғап шыққан.

Бірақ бұл жолы да прокуратура қарап қалмай, сот шешіміне шағым түсіріп, оны жоққа шығаруға қол жеткізді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде инвестор қытайлық серіктеспен 100 миллион долларлық келісімшартқа қол қойып, зауыт құрылысын жалғастырды», — деп хабарлады облыстық прокуратура.

Айта кетейік, бұл Қазақстанда қытайлық инвестициямен салынып жатқан жекелеген цемент зауыты емес. Бұған дейін Алматы облысында Қытай қаржыландырып жатқан зауыттың көне петроглифтер мен тарихи қорымдарға тым жақын орналасуы да қоғамда дау туғызған болатын.


Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан