Украинаға қарсы соғысқан қазақстандыққа Ресей азаматтық сыйлады

24.07.2025, 11:03
1091
Украинаға қарсы соғысқан қазақстандыққа Ресей азаматтық сыйлады Mvdmedia.ru

Ресей Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан тумасына азаматтық берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей ІІМ 24 жастағы Қазақстан тумасына азаматтық беруін «өмірлік маңызды мәселе» деп атады.

23 шілдеде Ресей ІІМ-нің ресми сайты – «МВД Медиа» порталы — Украинадағы соғысқа (Ресейде бұл «СВО» деп аталады) қатысып, ауыр жарақат алған Қазақстан азаматына ресейлік паспорт берілгенін жариялады.

«Қиын жағдайды ескере отырып, Солтүстік Осетия-Аланиядағы миграция басқармасының қызметкерлері азаматтық рәсімін барынша жедел аяқтады. Осылайша, СВО қатысушысы үшін өмірлік маңызды мәселе шешілді», — деді ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

Паспорт алған азаматтың аты-жөні аталған жоқ.

Айта кетерлігі, бұл жаңалық ІІМ сайтының басты бетінде Қазақстанға қатысты тағы екі хабармен қатар жарияланған. Олар Ресей ІІМ басшысы Владимир Колокольцевтің Өскеменге сапары мен ҚР ІІМ басшысы Ержан Сәденовпен кездесуіне арналған.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, шет мемлекеттердің қарулы қақтығыстарына қатысу — қылмыстық әрекет. Бұл үшін Қылмыстық кодексте «Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу» және «Жалақы үшін соғысқа жалдану» баптары қарастырылған. Бұдан бөлек, Қазақстанда қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды