Енді дәрігерлерге шабуылдағандар 15 жылға дейін сотталады

24.07.2025, 11:41
507
Енді дәрігерлерге шабуылдағандар 15 жылға дейін сотталады SMARTNEWS.KZ коллажы

Соңғы уақытта ақ халаттыларды аяусыз ұратындар қатары көбейген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Үкіметі медицина қызметкерлеріне қарсы күш қолданғандарды қатаң жазаға тартуды көздейтін заң жобасын дайындады.

Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілмек. Ол бойынша екі түрлі жаза қарастырылып отыр — бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру.

«Егер медициналық қызметкерге күш қолдану қаупі төнсе, және бұл дәлелденсе, кінәлі адамға екі жылға дейін бостандығын шектеу жазасы беріледі. Ал нақты күш қолдану фактісі тіркелсе — бұл екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі. Егер бұл төтенше жағдай кезінде орын алса — он жылға дейін, ал егер шабуыл бір немесе бірнеше адамның қатысуымен топтық сипат алса — он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады», — деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысындағы баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, бұл шаралар — медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әділ және орынды қадам. Аталған түзетулерді Парламентке қыркүйек айында енгізу жоспарланып отыр.

Соңғы уақытта Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жасау фактілері жиілеген. Соңғы бір айда бірнеше резонансты жағдай тіркелген. Қостанайда науқас хирургті ұрып, дәрігер бірнеше күн ес-түссіз жатқан. Ал Қарағандыда ер адам маммологиялық орталықтың медбикесін қатыгездікпен соққыға жыққан.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады