«Федерация қайда қарап отыр?»: Спорт министрі көше сыпырған чемпион жайлы

24.07.2025, 12:07
785
«Федерация қайда қарап отыр?»: Спорт министрі көше сыпырған чемпион жайлы бейнежазбадан

Ел намысын қорғаған апамыздың осындай күй кешуі – ұят дейді министр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық самбошы, ардагер спортшы Айсара Керімбекованың көшеде жұмыс істеуге мәжбүр болғаны қоғамда резонанс тудырды. Бұл жағдайға байланысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ашық пікір білдіріп, Самбо федерациясын сынға алды. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Министрдің айтуынша, мемлекет бүгінге дейін 100-ден аса спорттық федерацияға қаржы бөлген. Соған қарамастан, белгілі спортшының әлеуметтік жағдайы ескерусіз қалған.

«Ел намысын қорғап, абырой әперген апамыздың осындай күй кешуі – ұят. Бұл жағдай анықталғанына бір айдан асты, бірақ федерация тарапынан нақты әрекет байқалмайды. Самбо федерациясының басшылары қайда? Алматы қалалық спорт басқармасының өкілдері неге үнсіз?» – деді Мырзабосынов.

Ол сондай-ақ федерациялар тек жарыс ұйымдастырумен шектеліп қалмай, өңірлерді аралап, ардагер спортшылармен жұмыс істеу қажет екенін айтты.

«Федерация өкілдері аймақтарға барып, жаттығу әдістемесін әзірлесін. Егер олар мұнымен айналыспаса, ондай ұйымдардың қажеті жоқ. Ардагер спортшылар көп емес – олардың тәжірибесі мен еңбегі ескерусіз қалмауы тиіс», – деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, Айсара Керімбекова – самбодан әлем чемпионатының екі дүркін (1988, 1992) күміс жүлдегері, КСРО кубогінің (1989) күміс жүлдегері, КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (1991), Азия чемпионы (1992), Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Желілерде Айсара Керімбекованың 20 жылдан астам уақыт бойы аула сыпырып жүргені айтылып, федерацияның чемпионды қараусыз қалдырғаны сынға қалған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды