Қазақстандағы ең ауқатты адамдар Атырау мен Маңғыстауда тұрады

24.07.2025, 15:25
974
Қазақстандағы ең ауқатты адамдар Атырау мен Маңғыстауда тұрады SMARTNEWS.KZ / ChatGPT нейрожелісі өңдеген

Еліміздегі ең жоғары жалақыны атыраулықтар алса, солтүстік қазақстандықтар ең аз айлыққа күн көріп жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның алты өңірінде нақты жалақы көлемі төмендеген.

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда жұмысшылардың орташа айлық номиналды жалақысы 423,1 мың теңгені құрады. Бұл — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға жоғары. Алайда нақты жалақы индексі небәрі 101,2%-ды құрап, жалақының сатып алу қабілеті тек 1,2%-ға ғана артқанын көрсетті.

Ең жоғары жалақы Атырау (634,2 мың тг), Маңғыстау (621,3 мың тг) және Ұлытау (599 мың тг) облыстарында тіркелген. Ал ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан (300,1 мың тг), Жетісу (308,4 мың тг) және Жамбыл (308,9 мың тг) облыстарына тиесілі.

Алайда 20 өңірдің 6-ында нақты жалақы индексінің төмендеуі байқалды. Бұл — сол өңірлердегі тұрғындардың табысы өткен жылмен салыстырғанда азық-түлік пен қызметтерді аз көлемде сатып алуға жететінін білдіреді. Бұл өңірлер:

Батыс Қазақстан (–5,2%)

Атырау (–3,9%)

Шығыс Қазақстан (–1,9%)

Қызылорда (–1,2%)

Ақмола (–1,1%)

Маңғыстау (–0,8%) облыстары.

Тек Қарағанды облысында нақты жалақы индексі өзгеріссіз қалған. Қалған өңірлерде тұрғындардың сатып алу қабілеті артты:
ең аз өсім – Абай облысында (0,6%),
ең жоғары өсім – Ұлытау облысында (9,1%).

Инфляция мен бағаның өсуі

2025 жылдың қаңтар–наурыз аралығында тұтыну бағалары индексі 109,4% болды (бағалар 9,4%-ға өсті). Ал қаңтар-маусым аралығында бұл көрсеткіш 110,4%-ға жетті (яғни 10,4%-ға қымбаттаған).

Өңірлік тұрғыда ең жоғары инфляция Астана қаласында (12,4%), Ақмола (10,8%) және Қарағанды (10,6%) облыстарында тіркелді.
Ең төменгі баға өсімі Алматы (7,3%), Павлодар (7,6%) және Жамбыл (7,8%) облыстарында байқалды.

DEMOSCOPE зерттеу орталығы жүргізген «Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қабылдау» тақырыбындағы сауалнама ҚҚС мөлшерін 12%-дан 16%-ға арттыру туралы ұсынысқа халықтың реакциясын анықтады.

Нәтижесінде:

– 56,7% азамат бұл салық реформасын қолдамайды;

– 18,4% тұрғын бұл бастама жайлы алғаш рет естіп отыр;

11,8% ғана қолдаса,

8,1%  бейтарап көзқарас танытқан.

ҚҚС шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетіп, салық жүктемесін арттыру — бағаның өсуіне алып келуі мүмкін. Бұған дейін де 68,6% қазақстандық соңғы үш айда азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарлардың қымбаттағанын байқаған.

Тағы 13,9% тұрғын аздаған өсімді атап өтті. 11% азамат үшін шығындар өзгеріссіз қалса, тек 2,8% ғана шығындардың азайғанын айтты.

Соған қарамастан, халықты ең қатты алаңдататын мәселе — бағаның өсуі емес, төмен табыс пен лайықты еңбекақының жоқтығы. Екінші орында — жемқорлық, ал баға өсімі халықтың уайым тізімінде тек үшінші орында тұр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды