Ләйлә Сұлтанқызы 30 жыл бұрын пойызда танысқан жігітке іздеу салды
Пойызда кездесіп әңгімелескенбіз дейді тележүргізуші.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы белгілі блогер Тәңірберген Бердоңғардың бағдарламасына барып, сұхбат берді.
Сұхбат барысында Тәңірберген Бердоңғар Ләйлә Сұлтанқызы мен бейтаныс жігіттің суретін көрсетіп, оны тележүргізушіге сыйға тартты. Блогердің айтуынша, сурет 30 жыл бұрын пойыздағы сапар кезінде түсірілген.
Суретті көрген тележүргізуші қатты таңғалды. Суретке қатысты Ләйлә Сұлтанқызы түсініктеме берді.
«Өмір - өзен... 30 жыл бұрынғы Ләйләні көремін деп ойламаппын, шыны керек. Фотоны көргендегі эмоциямнан-ақ байқауға болатын шығар, қалай таң қалғанымды. Негізі Тәңірберген мен Аидаға берген сұқбатымызда бәрі болды. Махаббат, тәрбие, саясат және 30 жыл архивте шаң басып жатқан фото», - деп жазды ол.
Материал авторы