Макрон Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындамақ

25.07.2025, 09:35
355
Макрон Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындамақ Keystone / Sarah Meyssonnier / Pool

Франция биыл күзде Палестинаны мойындайтынын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон елінің Палестинаны дербес мемлекет ретінде мойындауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл шешім БҰҰ Бас Ассамблеясында биыл қыркүйекте ресми түрде жарияланбақ.

«Біз Палестина мемлекетін құрып, оның өміршеңдігін қамтамасыз етуіміз керек. Ол Израильді толық мойындап, қарусыздануға келісе отырып, Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа үлес қосуға тиіс», – деп жазды Макрон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Француз көшбасшысы қазіргі басты міндет — бейбіт тұрғындарды қорғау және Газа секторындағы халыққа ауқымды гуманитарлық көмек көрсету екенін де атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін, мамыр айында Ұлыбритания мен Франция Палестинаны бірлесіп мойындау жоспарын талқылаған. Ал сәуірдің басында Макрон мұндай қадамға бару ниетін алғаш рет жария еткен болатын.

Еске салайық, Газа секторындағы әскери қақтығыстар 2023 жылдың қазанында қайта басталды. 2024 жылдың қаңтарында Израиль мен палестиналық «Хамас» қозғалысы уақытша бітімге келіскен еді. Алайда екі айдан кейін, 18 наурызда Израиль армиясы Газадағы операцияларын қайта жандандырып, бітім тоқтатылды. «Хамас» тұтқындарды босату шартына келіспеген соң, ЦАХАЛ әскери әрекеттерін жалғастырды.

Қазақстандық шабандоздар Ресей мен Беларусьтегі халықаралық жарыстарда топ жарды «Сақалдары сапсиып, жиіркенішті»: Атыраулық блогер әйел ер адамдарға тіл тигіземін деп жаза арқалады Бибігүл Шпанованы өлтірген қаскөй неге Маңғыстау облысында қолға түскен? «Ninety One болмаса, біз де болмас едік»: қазіргі хит әнші Ильхан жаңа буын жайлы пікір білдірді Қыздарды топпен зорлаған басты күдікті араға 13 жыл салып ұсталды Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін дәретхана тесігіне тастап жіберген Жиналыстағы «романтика»: Шенеунік бейәдеп әрекеті үшін жұмыстан қуылды Астаналық танымал мектеп директоры қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді 26 шілдеге арналған ауа райы болжамы: найзағай, дауыл мен аптап ыстық күтіледі Көкшетауда 21 жастағы жігіт мектеп оқушысын жезөкшелікке салған «Жылаған жоқ»: Перизат Қайрат пен анасы үкімді қалай қабылдады? Қорғаушылар Хутиевтің ісіне байланысты тергеу жұмысына күмән келтірді «Ақшаны шашуды қойыңдар!»: Танымал бапкер 20 млрд теңгеге салынып жатқан стадионның жасанды төсенішіне сын айтты «Шапағат медалінен айыру, мүлкін тәркілеу, түрмеге тоғыту»: Перизат Қайрат пен анасына сот шешім шығарды Алматы тауларындағы курорт Тимур Құлыбаевтың қолына өтті «Еркектің тағдыры әйелдің қолында»: Нұрғали Нүсіпжанов араға жылдар салып әйелімен романтикалық бейнелерді жариялады (ВИДЕО) Мирзиёевті қорлады деген адамды Әзербайжан билігі Өзбекстанға беріп жіберді «Өзі де, көмекшілері де жауап бермеді»: Ильхан Ихсан әнші Қайрат Нұртас туралы Хайп үшін бәріне дайын: Жасөспірім тренд үшін жол белгісіне асылып тұрған «Ресейдің ықпалынан құтылар едік»: Зеленский жемқорлыққа қатысты заңды алып тастады