Зеленский абыройын шайқалтқан жемқорлыққа қатысты заңды өзгертпек

25.07.2025, 09:51
767
Зеленский абыройын шайқалтқан жемқорлыққа қатысты заңды өзгертпек Thomas Peter / Reuters

Жұрт митиңге шығып, Еуро одақ сынға алған соң, Зеленский Жоғарғы радаға заңды қайта қарауды тапсырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский 24 шілде күні жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған жаңа заң жобасын Жоғарғы Радаға ұсынды. Бұл шешім бұған дейін қабылданған заңға қарсы елде басталған жаппай наразылықтарға жауап ретінде қабылданды.

Бұған дейін Раданың мақұлдауынан өткен құжатта Ұлттық жемқорлыққа қарсы бюро (ҰЖҚБ) мен Арнайы жемқорлыққа қарсы прокуратураның (АЖҚП) Украина Бас прокурорының бақылауына берілуі қарастырылған еді. Бұл өзгеріс елдегі антикоррупциялық құрылымдардың тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді деп саналған. Осыған байланысты мыңдаған украин азаматы Киев көшелеріне шығып, өз наразылықтарын білдірді. Бұл шерулер Ресейдің кең ауқымды басып кіруінен кейінгі ең ірі халықтық толқулардың бірі болып отыр.

Президент Зеленский жаңа заң жобасында аталған мекемелердің Бас прокуратураға бағынуын алып тастап, олардың тәуелсіздігін сақтауға уәде берді. Ол заңның қайта түзетілген нұсқасы «құқықтық жүйені нақты күшейтіп», «жемқорлыққа қарсы органдардың толық дербестігін қамтамасыз ететінін» мәлімдеді.

Еуропалық Одақ та жағдайға алаңдаушылық білдірді. Кеңейту жөніндегі ЕО комиссары Марта Кос қабылданған заңды «артқа шегіну» деп бағалап, ҰЖҚБ мен АЖҚП-ның дербестігі Украина үшін ЕО-ға мүше болу жолындағы басты шарт екенін еске салды.

Transparency International ұйымының Украинадағы бөлімшесі де бұл заң парламенттің беделіне нұқсан келтіріп, халықаралық серіктестердің сеніміне сызат түсіретінін ескертті.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады