SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қоғамда үлкен резонанс тудырған Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандардың бірі – Думан Ысқақ түрмеден босатылды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.
Адвокаттың айтуынша, Думан Ысқаққа Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Ауыр қылмыс туралы хабарламау») бойынша 1 жыл 6 ай жаза тағайындалған. Алайда тергеу изоляторында өткізген уақыты толық есепке алынып, ол жазасын өтеп үлгерген. Сәйкесінше, 2025 жылғы 23 шілдеде Алматы облыстық сотының судьясы Мұсабекова оның бұлтартпау шарасын жойып, қамаудан босату туралы қаулы шығарған.
Сондай-ақ адвокат алдағы апелляциялық сот отырысы 18 тамыз күні, сағат 11:00-де Алматы облысының сот ғимаратында өтетінін хабарлады.
Іс бойынша басқа сотталғандар:
Абзал Шынасыл – басты айыпталушы ретінде 23 жылға сотталды.
Равиль Сакиев – адам өлтіруге оқталғаны және бұзақылық үшін 20 жыл.
Азамат Тоқтаубаев – ұрлық және бұзақылық үшін 15 жыл.
Нұрқиас Ілиясов – бұзақылық үшін 9 жыл.
Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылдан.