«Еуро одақтағы сенімді серік»: Қазақ пен мажардың арасы жақындады

25.07.2025, 10:34
631
«Еуро одақтағы сенімді серік»: Қазақ пен мажардың арасы жақындады gov.kz

Екі елдің серіктестігі жаңа деңгейге көтерілмек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету мәселелері талқыланды.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Мажарстанның еліміздегі Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Жиында тараптар екіжақты саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету жолдарын сөз етті.

Сұхбат барысында көлік, білім беру, мәдениет салаларындағы бірлескен бастамалар және жоғары деңгейдегі сапарлар аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайы талқыланды.

Арман Исетов Мажарстанды Еуропалық одақтағы Қазақстанның сенімді әрі жақын серіктесі ретінде бағалайтынын айтып, Астана мен Будапешт арасындағы тұрақты саяси диалогтың маңызын атап өтті.

— Екі ел арасындағы достықтың негізінде ортақ тарихи және мәдени тамыр жатыр. Бұл ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді, — деді ол.

Кездесу соңында Арман Исетов елшіге атқарылып жатқан белсенді жұмысы үшін алғыс білдіріп, қазақ-мажар байланысы жаңа серпінмен дами беретініне сенім білдірді.


Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды