Әзербайжан журналистері ұшақ апатына кінәлі Ресей әскерилерін әшкереледі

25.07.2025, 11:19
719
Әзербайжан журналистері ұшақ апатына кінәлі Ресей әскерилерін әшкереледі SMARTNEWS.KZ коллажы

Әскери кезекшілікте болған әрі апатқа тікелей қатысы барлар ақыры белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Minval Politika редакциясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда орын алған AZAL әуе компаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағына Ресей тарапынан жасалған зымыран соққысына қатысты тың мәліметтерге қол жеткізді.

Басылымның дерегінше, оқиға кезінде Ресейдің Оңтүстік әскери округінің әскери кезекшілігінде тұрған бірнеше офицер тікелей куәгер әрі іске қатысушы болған.

Олардың қатарында:

Капитан Дмитрий Пудовкин — 51-ші әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының басқару пунктіндегі аға штурман;

Подполковник Владимир Яновский — Оңтүстік әскери округі штабының жедел кезекшісі;

Полковник Геннадий Еременко — 4-ші гвардиялық Әуе-ғарыш әскерлері мен ӘШҚҚ армиясының командалық пунктінің кезекші офицері.

Бұған дейін Minval Politika ұшаққа зымыран жіберуге бұйрық берген тұлғаны да анықтаған болатын. Басылым мәліметінше, аталған шешімді 51-дивизия командирі генерал-майор Александр Толопило қабылдаған. Қызығы, бұл іс бойынша жауапкершілік жүктелмей, керісінше, ол лауазымда жоғарылаған.

Зымыран ұшыру бұйрығы Толопилоның бұйрығымен подполковник Николай Орлянский арқылы беріліп, капитан Дмитрий Паладичукке жеткізілген. Ресми құжаттарға сәйкес, бұл әскери есеп тобы сол сәтте Толопилоның тікелей бақылауында болған.

Оқиғадан кейін генерал диспетчерлерді кінәлап, зымырандардың «өздігінен жойылғанын» айтқан. Алайда бұл нұсқаны ішкі тергеу жоққа шығарған. Ұшақтағы бейбіт жолаушылардың қазасына қарамастан, генерал ешқандай жазаға тартылмаған.

Minval Politika редакциясы оқиғаға қатысы бар тұлғалардың жеке мәліметтері мен байланыс нөмірлерін жинап, Әзербайжан тергеу органдарына тапсырғанын хабарлады. Бұл органдар AZAL рейсінің жойылуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Бас редактор Эмиль Мұстафаев басылымның жариялаған деректеріне Ресей тарапынан ешқандай ресми жауап болмағанын айтты:

«Мәскеу біз таратқан ақпаратты елемей отыр. Бірде-бір жоққа шығару, бірде-бір түсініктеме жоқ. Кремльдің үнсіздігі – ең нақты жауап. Демек, оларға қарсы айтар уәж жоқ. Біз жариялап отырғанның бәрі – ақиқат».

Ол сондай-ақ, оқиғаға қатысы бар тұлғалардан қосымша ақпарат алу үшін бірнеше рет хабарласуға тырысқандарын, бірақ азербайжандық халықаралық код көрсетілген нөмірден қоңырау түскен сәтте байланыс орнату мүмкін болмағанын айтты.

Мұстафаев бұл істе Ресейдегі тәуелсіз БАҚ өкілдерінен көмек сұрағанын, тіпті соларға байланыс мәліметтерін де бергенін жеткізді. Ол ресейлік журналистерді мәселені жылы жауып қоймауға, РФ Президентінің баспасөз хатшысының немесе Тергеу комитеті төрағасы Александр Бастрыкиннің қатысуымен өтетін баспасөз конференцияларында бұл сұрақты ашық қоюға шақырды.

Қазақстандық шабандоздар Ресей мен Беларусьтегі халықаралық жарыстарда топ жарды «Сақалдары сапсиып, жиіркенішті»: Атыраулық блогер әйел ер адамдарға тіл тигіземін деп жаза арқалады Бибігүл Шпанованы өлтірген қаскөй неге Маңғыстау облысында қолға түскен? «Ninety One болмаса, біз де болмас едік»: қазіргі хит әнші Ильхан жаңа буын жайлы пікір білдірді Қыздарды топпен зорлаған басты күдікті араға 13 жыл салып ұсталды Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін дәретхана тесігіне тастап жіберген Жиналыстағы «романтика»: Шенеунік бейәдеп әрекеті үшін жұмыстан қуылды Астаналық танымал мектеп директоры қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді 26 шілдеге арналған ауа райы болжамы: найзағай, дауыл мен аптап ыстық күтіледі Көкшетауда 21 жастағы жігіт мектеп оқушысын жезөкшелікке салған «Жылаған жоқ»: Перизат Қайрат пен анасы үкімді қалай қабылдады? Қорғаушылар Хутиевтің ісіне байланысты тергеу жұмысына күмән келтірді «Ақшаны шашуды қойыңдар!»: Танымал бапкер 20 млрд теңгеге салынып жатқан стадионның жасанды төсенішіне сын айтты «Шапағат медалінен айыру, мүлкін тәркілеу, түрмеге тоғыту»: Перизат Қайрат пен анасына сот шешім шығарды Алматы тауларындағы курорт Тимур Құлыбаевтың қолына өтті «Еркектің тағдыры әйелдің қолында»: Нұрғали Нүсіпжанов араға жылдар салып әйелімен романтикалық бейнелерді жариялады (ВИДЕО) Мирзиёевті қорлады деген адамды Әзербайжан билігі Өзбекстанға беріп жіберді «Өзі де, көмекшілері де жауап бермеді»: Ильхан Ихсан әнші Қайрат Нұртас туралы Хайп үшін бәріне дайын: Жасөспірім тренд үшін жол белгісіне асылып тұрған «Ресейдің ықпалынан құтылар едік»: Зеленский жемқорлыққа қатысты заңды алып тастады