«Миллиардтар қайда?»: Бапкер шәкірттерін жарысқа апаруға несие алғаны үшін министр федерацияны аяусыз сынады

25.07.2025, 12:14
1220
«Миллиардтар қайда?»: Бапкер шәкірттерін жарысқа апаруға несие алғаны үшін министр федерацияны аяусыз сынады SMARTNEWS.KZ коллажы

Айдын Сәрсекеев шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін 500 мың теңге несие алған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ел намысын қорғайтын жас балуандардың жарысқа өз қаржысына баруына байланысты күрес федерацияларын қатаң сынға алды.

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының бапкері Айдын Сәрсекеев шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін 500 мың теңге несие рәсімдегені белгілі болды. Жасөспірімдер сары құрлық бәсекесінде 13 медаль олжалады, оның алтауы грек-рим балуандарына тиесілі.

Министр бұл жағдайдан кейін күрес спортына бөлінген 2,3 миллиард теңгенің қайда кеткенін сұрады.

«Бір спортшыны жарысқа жіберуге қаржы жоқ болса, неге бапкер несие алуға мәжбүр? Мемлекеттен миллиардтар бөлініп жатыр, олардың игерілуіне кім жауап береді?» – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасы қарсаңында спорт федерацияларының жұмысын сынға алып, бірқатар басшылар қызметінен кеткен еді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды