Баку Кремльден Ақтаудағы ұшақ апаты үшін қылмысын мойындауды талап етті

27.07.2025, 11:11
839
Баку Кремльден Ақтаудағы ұшақ апаты үшін қылмысын мойындауды талап етті

Мәскеу жауаптан жалтарып келеді дейді Әзербайжан билігі. Енді олар Ресейді халықаралық сотқа бермек ниетте.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзербайжан билігі 2024 жылдың желтоқсанында Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 жолаушылар ұшағына байланысты Ресейден ресми жауапкершілік күтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ел президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Хикмет Гаджиев Berliner Zeitung басылымына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, дәл осы ұшақ апаты Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастың суи бастауына себеп болған.

«Апат Ресейдің әуе кеңістігінде болды. Қалай және не себепті болғанын біз жақсы білеміз – бұл енді құпия емес», – деді Гаджиев.

2024 жылы 25 желтоқсанда Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Әуелде ұшақ Грозныйға бағытталған, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты Махачкалаға бұрылуға мәжбүр болған. Ұшу барысында екі белгісіз дыбыстық соққы тіркеліп, ұшақ апатты жағдайда қонуға тырысқан.

Апат салдарынан борттағы 67 адамның 39-ы көз жұмды.

Росавиация 25 желтоқсанда Грозный маңында дрон шабуылдарына байланысты «Ковер» жоспары енгізілгенін хабарлаған. Осыған байланысты әуе қозғалысы шектелген.

Кейінірек Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевке қоңырау шалып, «ұшақпен болған трагедия Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін кешірім сұрады».

19 шілдеде Ильхам Әлиев Ресейге қарсы ресми талап-арыз әзірленіп жатқанын жария етті. Оның айтуынша, апаттан кейін өткен жеті ай ішінде Мәскеуден ешқандай нақты жауап келмеген.

«Біз Ресеймен көрші әрі серіктес елміз. Бірақ әділдік пен жауапкершілік талап етеміз», – деді Әлиевтің кеңесшісі.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді