NASA-дан жаппай қысқарту: Қызметкерлердің 20%-ы жұмыстан кетті

27.07.2025, 12:32
531
NASA-дан жаппай қысқарту: Қызметкерлердің 20%-ы жұмыстан кетті NASA

Трамп жаппай қысқарту саясатын жүргізгенінің кесірінен 4 мыңға жуық адам жұмыссыз қалмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасынан (NASA) 3870 қызметкер жұмыстан босатылады, бұл — агенттік қызметкерлерінің шамамен 20%-ы. Бұл туралы dpa агенттігіхабарлады.

Қысқартудан кейін шамамен 14 мың адам жұмысын сақтап қалмақ.

2025 жылдың қаңтарынан бастап АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік мекемелер мен ғылыми институттарда жаппай қысқарту саясатын жүргізіп келеді.

Наурыз айында NASA басшылық құрамында алғашқы қысқартулар жасалып, бас ғылыми кеңесші Кэтрин Кельвин мен климат мәселелері жөніндегі аға кеңесшінің қызметі қысқартылған болатын.

«Мемлекеттік құрылымдар туралы жарлыққа сай, NASA кадр құрамын оңтайландыруды кезең-кезеңімен жүзеге асырады», – делінген агенттік хабарламасында.

Шілде айында Трамп АҚШ көлік министрі Шон Даффиді NASA-ның уақытша басшысы етіп тағайындады. Сонымен қатар, Илон Маскпен болған келіспеушіліктерден кейін, президент Джаред Айзекманның (миллиардер және ғарыштық турист) агенттік басшылығына ұсынылған кандидатурасын кері қайтарды.

Маусым айында Reuters агенттігі Ақ үйдің SpaceX-пен жасалған мульти-миллиардтық келісімшарттарды тексеруге бұйрық бергенін хабарлады. Бұл шара да Трамп пен Маск арасындағы жария жанжалдан кейін қолға алынған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды