Автобуста ерекше баланы «Ақымақ!» деп балағаттаған әйелге қатысты арнайы комитет пікір білдірді

28.07.2025, 09:48
786
Автобуста ерекше баланы «Ақымақ!» деп балағаттаған әйелге қатысты арнайы комитет пікір білдірді бейнежазбадан

Әйелдің жеке басы анықталып жатыр екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұған дейін әлеуметтік желіде автобуста түсірілген видео қызу талқыға түскен еді. Онда ересек әйел ерекше қажеттілігі бар балаға және оның анасына дөрекі сөздер айтып, кемсіткені байқалады. 

Әйел: «Қызыңызды алып кетіңізші, жыныма тиіп тұр. Ақымақ!» деп айқайлаған.

Бірақ баланың киімінде оның аутизмі бар екенін білдіретін арнайы белгі болған.

Осы жайтқа қатысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады. Онда бұл әрекет адамгершілік пен құқықтық нормаларға қайшы келетіні айтылған.

«Мұндай көзқарас қоғамымызда болмауы тиіс. Қазір бейнематериалда көрініс тапқан азаматшаның жеке басы анықталып жатыр. Әрбір бала, оның даму ерекшелігіне қарамастан, құрметке, қорғауға және қоғам өміріне толыққанды қатысуға құқылы», – деді комитет өкілдері.

Комитет барша азаматтарды, әсіресе ересектерді, балалардың ар-намысын таптамауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырды.

Қыздың анасы Сағина бұл жағдайды үлкен күйзеліспен қабылдағанын айтты:

«Бұрын қызым автобусқа мінсе, еденге жатып алып, айқайлайтын. Қазір терапияның арқасында сабырлы – тек бір сөзді қайта-қайта айтады. Бірақ бұл да адамдарға ұнамайды екен. Сол күні әлгі әйел қызымды “ештеңеге жарамайды” деп қорлады. Бұл – тым қатыгездік. Жыладым. Мен тек түсіністік сұраймын».

Белгілі болғандай, анасы «AUTISM KAZAKHSTAN» ұлттық қауымдастығына көмек сұрап хабарласқан.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды