Трамп Путинге Украинаның бір бөлігін «табаққа салып» ұсынып отыр – Австрия СІМ басшысы күтпеген мәлімдеме жасады

28.07.2025, 12:32
617
Трамп Путинге Украинаның бір бөлігін «табаққа салып» ұсынып отыр – Австрия СІМ басшысы күтпеген мәлімдеме жасады Chris McGrath / Getty Images

Қырым мен Украинаның шығыс облыстарын Путинге сыйға бермек дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Аустрияның сыртқы істер министрі Беате Майнль-Райзингер АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға қатысты ұстанымын қатаң сынға алды. Оның сөзінше, Трамп Ресей президенті Владимир Путинге Қырым мен Украинаның шығыс облыстарының бір бөлігін «табаққа салып берді». Сонымен қатар, ол Украинаға НАТО-ға кіру мүмкіндігін жоққа шығарды.

«Егер Путин шынымен бейбітшілікті қаласа, атысты тоқтату жөнінде келіссөзді дәл қазір бастар еді. Украина бейбіт өмірге ұмтылады, ал Ресей олай емес», — деді министр Die Welt басылымына берген сұхбатында.

Майнль-Райзингер Ресейдегі экономикалық жағдайды «апатты» деп бағалап, Мәскеуге соғысты жалғастыру барған сайын қиындай түскенін айтты.

Айта кетейік, 23 шілде күні Стамбулда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды өтті. Келіссөздерде соғыс тұтқындарын қайта алмастыру және Ресейге әкетілген украиналық балаларды қайтару мәселелері талқыланды. Украина тамыз айының соңына дейін Путин мен Зеленскийдің тікелей кездесуін өткізуді ұсынды. Алайда Кремль мұндай кездесуге дейін Мәскеу мен Киевтің ұстанымдарын жақындату қажет екенін айтып, әлі де үлкен дайындық жұмыстары күтіп тұрғанын мәлімдеді.

Димаштың әні алғаш рет Radio Disney эфирінде шырқалды Kaspi Travel қолданушысына ұшу күнін қате көрсеткені үшін 24 млн теңге айыппұл салынған (ВИДЕО) Трамп: «Мен болмасам, әлемде алты ірі соғыс жүріп жатар еді» Алматы облысында 13 жастағы қызды дәрі беріп зорлаған Қазақ футболшысы түркиялық Бешікташ клубынан кетті Ресейдегі ең ірі әуе компаниясына хакерлік шабуыл жасалып, 50-ге жуық рейс тоқтап қалған Атырауда терезесін қараңғылағандар жазаланып жатыр «Жұмбақ»: Кремль Путиннің күн тәртібінде телефонмен байланысы туралы мәлімдеме жасады Шуда мектеп «завучы» ауылдастарын тонаған «Әртіс суретке түсуге міндетті емес»: Баян Мақсатқызы әнші Жұбаныш Жексенұлын қолдады «Пышақпен қорқытып, зорлағанын видеоға түсірді»: Астанада студент қызды қатарласы бірнеше ай бойы зорлап келген Астанада жүкті әйел дәрігерді 2 сағат күтіп, баласынан айырылып қалды (ВИДЕО) Трамп Путинге Украинаның бір бөлігін «табаққа салып» ұсынып отыр – Австрия СІМ басшысы күтпеген мәлімдеме жасады NIS ауыл мектептерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды «Көк жигули» мен «18 бен 25» әндерінің авторы Англияда құлпынай теріп жүр Ақтауда жалаңаш ер адам балалардың бөлмесіне кіріп кеткен (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырады: Екі адам қаза тапты Автобуста ерекше баланы «Ақымақ!» деп балағаттаған әйелге қатысты арнайы комитет пікір білдірді 28 шілдеге арналған ескерту ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды