«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына кірді

27.03.2023, 10:56
667
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына кірді olympic.kz

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты ресми түрде «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына кірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи өз сөзінде «Шымбұлақта» болғанына қуанышты екенін айта келе, тау шаңғы курортының бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты табыс етті.

Сертификатты тапсыру рәсімі және рекорд нәтижесін ресми тіркеу - теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті.

«Шымбұлақ» тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын алғаны туралы сіздерге хабарлауға қуаныштымын. Бұл әлемдегі жаңа рекорд», - деді Шейда Субаши-Гемиджи.

Өз кезегінде Ринат Абдрахманов бұл ел үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, 5 жыл бұрын шаңғымен түнгі сырғанау жолын ашу оның арманы болған, ал бүгінде арманы шындыққа айналды. Ол жиынға қатысушыларды өз арманына сенуге және алға ұмтылуға шақырды.

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.

«Бүгін тарихи күн. Біздің «Шымбұлақ» тау шаңғы курортымыз Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл бүкіл ел үшін үлкен жетістік. Әрине, біздің әлеуетіміз зор, «Шымбұлақ» еліміздегі туризмді дамытудың негізгі орындардың бірі болып табылады. Жалпы, қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің араласуымен нақты қадамдар қабылдануда. Атап айтқанда, елімізде алдағы жеті жылға арналған туризм саласын дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Біз жергілікті атқарушы органдармен, серіктестермен, бизнес қоғамдастықпен бірлесіп инфрақұрылымды және туризмімізді дамытатын боламыз», - деді Асхат Оралов.

Шара соңында қызыл лента салтанатты түрде кесіліп, ең биік түнгі тау шаңғысы трассасымен төмен қарай жаппай сырғанау өтті.

Айта кетейік, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте түнгі шаңғымен сырғанау 2021 жылдың қарашасында басталған еді. Осы уақыт ішінде жүздеген мың адам түнгі уақытта ең жоғары нүктеден түсіп үлгерді.

Тау шаңғы курортының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021-2022 жылғы маусымда түнгі шаңғымен сырғанауға 50 346 турист келген, биылғы маусымда 10% есе көп келді, яғни, 55 486 келушілер болды.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылғы маусымда күніне 12 520 адам келсе, биылғы маусымда курортқа 1 миллионнан астам адам келіп үлгерді

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды