Ресейдегі ең ірі әуе компаниясына хакерлік шабуыл жасалып, 50-ге жуық рейс тоқтап қалған

Азиз Қалижан Редактор
28.07.2025, 16:58
210
Ресейдегі ең ірі әуе компаниясына хакерлік шабуыл жасалып, 50-ге жуық рейс тоқтап қалған Мария Барановская / ТАСС

«Аэрофлот» әуе компаниясына белорусь хакерлері шабуыл жасаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 28 шілде күні Ресейдің ұлттық әуе тасымалдаушысы «Аэрофлот» компаниясының ақпараттық жүйесінде ауқымды ақау тіркеліп, Мәскеуден ұшуға тиіс 49 рейс тоқтатылды. Компания бұл техникалық ақау туралы өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Аэрофлот» жолаушыларға рейстердің кешігуі немесе мүлде ұшпай қалуы мүмкін екенін ескертіп, мамандар мәселені жедел шешуге кіріскенін мәлімдеді.

Көп ұзамай Silent Crow атты хакерлік топ беларусьтік «Киберпартизаны BY» тобымен бірігіп, «Аэрофлоттың» бүкіл IT-инфрақұрылымын «толықтай жойып, бұзғанын» хабарлады. Олардың айтуынша, хакерлер компанияның ішкі желісінде бір жылдай уақыт бойы бақылаусыз жүрген.

«Біз барлық деректер базасын жүктеп алдық, маңызды корпоративтік жүйелерді бұздық, тіпті басшылықтың да компьютерлеріне қол жеткіздік», — деп мәлімдеді хакерлер.

Ресейдің Бас прокуратурасы да бұл ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, тексерістен кейін заңсыз компьютерлік ақпаратқа қол жеткізу бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы аясында іс қозғалған.

Шабуылдың салдарынан Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұзын-сонар кезек пайда болды. Компания баспасөз қызметі 49 рейстің тоқтатылғанын растады. Жолаушылардан багаждарын алып, ақшаларын қайтарып алуға немесе билеттерін басқа күнге ауыстыруға кеңес берілді.

Кейінірек Ресей Көлік министрлігі, «Аэрофлот» және «Росавиация» бірлесіп, жолаушылардың бір бөлігін «Россия» және «Победа» әуе компанияларының рейстеріне орналастыруға тырысып жатқандарын мәлімдеді.

Димаштың әні алғаш рет Radio Disney эфирінде шырқалды Kaspi Travel қолданушысына ұшу күнін қате көрсеткені үшін 24 млн теңге айыппұл салынған (ВИДЕО) Трамп: «Мен болмасам, әлемде алты ірі соғыс жүріп жатар еді» Алматы облысында 13 жастағы қызды дәрі беріп зорлаған Қазақ футболшысы түркиялық Бешікташ клубынан кетті Ресейдегі ең ірі әуе компаниясына хакерлік шабуыл жасалып, 50-ге жуық рейс тоқтап қалған Атырауда терезесін қараңғылағандар жазаланып жатыр «Жұмбақ»: Кремль Путиннің күн тәртібінде телефонмен байланысы туралы мәлімдеме жасады Шуда мектеп «завучы» ауылдастарын тонаған «Әртіс суретке түсуге міндетті емес»: Баян Мақсатқызы әнші Жұбаныш Жексенұлын қолдады «Пышақпен қорқытып, зорлағанын видеоға түсірді»: Астанада студент қызды қатарласы бірнеше ай бойы зорлап келген Астанада жүкті әйел дәрігерді 2 сағат күтіп, баласынан айырылып қалды (ВИДЕО) Трамп Путинге Украинаның бір бөлігін «табаққа салып» ұсынып отыр – Австрия СІМ басшысы күтпеген мәлімдеме жасады NIS ауыл мектептерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды «Көк жигули» мен «18 бен 25» әндерінің авторы Англияда құлпынай теріп жүр Ақтауда жалаңаш ер адам балалардың бөлмесіне кіріп кеткен (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырады: Екі адам қаза тапты Автобуста ерекше баланы «Ақымақ!» деп балағаттаған әйелге қатысты арнайы комитет пікір білдірді 28 шілдеге арналған ескерту ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды