Қазақ футболшысы түркиялық Бешікташ клубынан кетті

28.07.2025, 17:29
718
Қазақ футболшысы түркиялық Бешікташ клубынан кетті instagram.com/bateka_11

Мәңгі жүрегімде қалады дейді Бақтиер Зайнутдинов.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубымен қоштасты. Ол Мәскеудің «Динамо» командасымен келісімшартқа қол қойып, жаңа клубында №19 жейде астында өнер көрсетпек.

Футболшы Instagram парақшасында клуб ұжымына шынайы алғысын білдіріп, жүрекжарды жазба қалдырды.

«Мен үшін жай ғана команда емес, екінші үйіме айналған клубтан кетіп барамын. Клуб басшылығына, бапкерлерге, қызметкерлерге және жанкүйерлерге алғыс айтамын. Әсіресе, күн сайын қамқорлық көрсеткен клуб қызметкерлеріне және дәмді ас дайындаған аспаздарға ерекше ризамын. Біз бірге нағыз командалық рухты сезіндік. «Бешикташ» менің жүрегімде мәңгі қалады», — деп жазды Зайнутдинов.

Футболшы Түркиялық ұжымда екі маусым өткізді. Осы уақыт ішінде командамен бірге ел кубогы мен суперкубогын жеңіп алып, Еуропа лигасы және Конференциялар лигасындағы кездесулерге қатысты.

Бақтиер Зайнутдиновтің «Динамомен» келісімшарты 2029 жылдың жазының соңына дейін жасалған. Құжатта тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды