Алматы облысында 13 жастағы қызды дәрі беріп зорлаған

Азиз Қалижан Редактор
28.07.2025, 18:10
3360
Алматы облысында 13 жастағы қызды дәрі беріп зорлаған RFE/RL

Жігіт алдап қонақ үйге апарған дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы Қаскелең қаласында 13 жастағы қыз зорланды. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры мәлім етті.

Қордың мәліметінше, оқиға 23 шілде күні болған. Қыз кешкісін серуендеуге шығып, үйіне оралмаған. Туыстары оны түні бойы іздеп, таңертең Қаскелеңдегі қонақүйлердің бірінен тапқан. Қыздың зорланғаны анықталған.

Жәбірленушінің туыстары полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағымданды. Олардың айтуынша, қыз табылғаннан кейін де оны іздеуден ресми түрде шығармаған. Прокуратура өкілі, кезекші адвокат және психолог шақырылмаған. Сот-медициналық сараптама жүргізілгенімен, қыздың киімінен және қанынан сынама алынбаған.

Туыстары тергеу барысында полицияның жәбірленуші мен анасын күдікті ретінде тергегенін мәлім етті. Сондай-ақ олар қызға қысым көрсетілгенін айтады.

Олардың айтуынша, күдікті 19 жастағы азамат. Жәбірленуші онымен таныс емес. Ол өзін 16 жастамын деп таныстырып, қонақүйге алдап кіргізген. Қыздың әпкесінің сөзінше, күдікті сусынына есірткі қосқан болуы мүмкін.

Сонымен қатар, полиция қыздың анасынан оқиға туралы ақпарат таратпау туралы қолхат алған. Жәбірленушінің туыстары істің жабылып қалуынан қауіптеніп отыр.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады