Kaspi Travel қолданушысына ұшу күнін қате көрсеткені үшін 24 млн теңге айыппұл салынған (ВИДЕО)

28.07.2025, 19:31
753
Kaspi Travel қолданушысына ұшу күнін қате көрсеткені үшін 24 млн теңге айыппұл салынған (ВИДЕО) бейнежазбадан

Әйел ұшу күнінен қателескені үшін Каспи оған 44 мың доллар айыппұл салған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Kaspi Travel арқылы әуе билетін сатып алған қазақстандық бойжеткен қарапайым қателікке жол беріп, 24 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге мәжбүр бола жаздады. Оқиға туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Қыздың айтуынша, 17 шілде күні ол билет сатып алып жатып, ұшу күнін қате көрсетіп қойған. Қателікті бірден аңғарып, Kaspi Гид арқылы техникалық қолдау қызметіне жүгінген. Алайда, оған жіберілген жауап естен тандырды: $107 тұратын билетті қайта рәсімдеу үшін $44 123 (шамамен 24 млн теңге) көлемінде айыппұл төлеу қажет екені айтылған.

«Бес күн ішінде бес түрлі операторға жаздым. Бірі сөйлесіп жатып үзіп тастайды, бірі мүлде жауап бермейді. Тек бірнеше күннен соң Ольга есімді оператор жағдайға түсіністікпен қарап, басшылыққа шағым жолдады. Бірақ әлі күнге дейін жауап жоқ», – деп жазды бойжеткен.

Жағдайдың оғаштығы сол – әуе компаниясының ресми сайтында билет ауыстыру құны бар болғаны $18 деп көрсетілген. Яғни Kaspi Travel көрсеткен сомамен арада мың есе айырмашылық бар.

Instagram-да бұл жазба әлеуметтік желілерде үлкен резонанс туғызып, қолданушылар Kaspi Travel-ден ресми түсініктеме талап етуде. Көпшілік бұл жағдайды «цифрлық жүйедегі ақау» немесе «техникалық қателік» деп болжауда.

Kaspi.kz әзірге бұл жағдайға ешқандай пікір білдірген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды