«Тек Қазақстандікін қабылдаймыз!»: Қазақстан көмірі қайтадан Ресей арқылы Еуропаға экспортталмақ

29.07.2025, 10:05
999
«Тек Қазақстандікін қабылдаймыз!»: Қазақстан көмірі қайтадан Ресей арқылы Еуропаға экспортталмақ SMARTNEWS.KZ коллажы

Министрлік Еурокомиссияға санкциялық режимге өзгеріс енгізуді сұраған екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,Қазақстан Еуропаға көмір тасымалдауды қайта жандандыру үшін Ресей порттарын пайдалануға рұқсат алды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2025 жылдың ақпанында Еуроодақ Ресей порттары арқылы қандай да бір мәмілеге тыйым салған болатын. Бұл шешім Қазақстан үшін ауыр соққы болған еді, себебі көмірді Еуропаға жеткізу көбінесе Ресейдің Усть-Луга порты арқылы жүзеге асырылады.

Ахуалды шешу үшін Сауда және интеграция министрлігі Сыртқы істер министрлігі және Қазақстанның ЕО жанындағы тұрақты өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен келіссөздер жүргізді. Еурокомиссияға ресми өтініш жолданып, санкциялық режимге өзгеріс енгізу сұралған.

Нәтижесінде, ЕО-ның 18-пакет санкциялары шеңберінде Қазақстан көміріне қатысты шектеу жеңілдетілді. Енді қазақстандық көмір белгілі бір ресейлік порттар арқылы Еуропаға экспорттала алады. Бірақ бұл үшін бірқатар талап сақталуы керек:

көмірдің шыққан елі міндетті түрде Қазақстан болуы тиіс;

жүктің иесі санкцияланған елдердің резиденті болмауы керек;

Ресей порттары тек транзиттік, тиеу немесе жөнелту нүктесі ретінде ғана пайдаланылуы қажет.

Экспорт динамикасы
2022 жылы Қазақстан ЕО-ға 4,4 млн тонна көмір экспорттап, $419,2 млн пайда тапқан (жалпы көмір экспортының 45%).
2023 жылы бұл көрсеткіш $382 млн-ға 6,1 млн тоннаға жетіп, үлесі 54,3%-ға өсті.
2024 жылы 5,2 млн тонна көмір $312,5 млн-ға сатылған (51,8%).
2025 жылдың қаңтар–мамыр аралығында экспорт 1,6 млн тоннаға (немесе $82,9 млн) дейін төмендеген. Бұл – жалпы экспорт көлемінің 38,5%-ы.

Министрлік мәліметінше, қабылданған шешім көмір экспорты көлемін қалпына келтіріп қана қоймай, логистикалық бағыттардың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ведомство Қазақстанның сауда мүдделерін қорғау мен негізгі экономикалық әріптестермен байланыстарды кеңейту бағытында жұмысты жалғастыратынын жеткізді.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды