Енді сотта ChatGPT-дегі хаттар жария етілуі мүмкін

29.07.2025, 10:32
874
Енді сотта ChatGPT-дегі хаттар жария етілуі мүмкін Unsplash

OpenAI бас директоры мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, OpenAI бас директоры Сэм Альтман ChatGPT-пен болған сұхбаттар сот шешімі бойынша жария етілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында айтты.

Альтманның сөзінше, соңғы уақытта адамдар ChatGPT-ті психотерапевт, лайф-коуч немесе жеке кеңесші ретінде жиі пайдалана бастаған. Алайда бұл әңгімелер дәрігерлік құпиямен қорғалмайды және соттың талабы бойынша ашылуы мүмкін.

«Егер сіз өзіңіздің ең құпия нәрселеріңізді ChatGPT-ке айтып, кейін қандай да бір сот ісі туындаса, бізден ол жазбаларды ұсыну талап етілуі мүмкін», — деді Альтман.

Сонымен қатар, ол жасанды интеллектпен болған диалогтар да психотерапевтпен әңгіме секілді құпиялықпен қорғалуы керек деген пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл құқықтық ұстаным мүмкіндігінше тезірек енгізілуі тиіс.

OpenAI ережелеріне сәйкес, пайдаланушылардың жойылған чаттары 30 күн ішінде толығымен өшіріледі. Бірақ заң талаптары немесе қауіпсіздік себептері болған жағдайда, компания оларды сақтап қалуы мүмкін.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді