«Терезеден көшедегі әйелдерге қызығатын едім»: Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиев туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
29.07.2025, 11:24
1349
«Терезеден көшедегі әйелдерге қызығатын едім»: Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиев туралы айтты жеке парақшасынан

Ешкімге шын ғашық болып көрмедім дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Балжан Бидаш өткен өмірі туралы айтып, еркіндікке деген сағынышын бөлісті. Бұл туралы ол журналист Айкерім Есенәліге берген сұхбатында айтты.

Өнер иесі бұрынғы тұрмыстық өмірін еске алып, еркін өмірге ұмтылғанын жасырмады. Оның сөзінше, өмірлік серігінің өз өміріне үстемдік жүргізуі оның ішкі қарсылығын тудырған.

— Үлкен өмірге қадам басқанда жаныңдағы адам сенің өміріңе билік жүргізбеуі керек. Ата-анам үміт артқан кезде олардың сенімін ақтауға тырыстым. Бірақ өзім қалаған өмірді сүргім келді. Үйдің терезесінен көшедегі әйелдерге қарап, қызығып отырған сәттерім болды. «Қандай бақытты, еркін кетіп бара жатыр» деп ойладым. Сол күндерді еске алып, бүгінгі өміріме шүкір деймін. Шынында да еркіндікті қаладым, — деді әнші.

Сұхбат барысында Балжан болашақта қандай ер-азаматты қасына серік еткісі келетінін де айтты. Оның айтуынша, ол енді ғана шынайы махаббатты күтуде.

— Қазір заң бойынша да «қашан тұрмысқа шығасың?» деп сұрауға болмайды. Осы уақытқа дейін ешкімге шын ғашық болып көрмедім. Енді ер-азаматтарға талап қоя бастадым. Психологиялық жарақаты аз, көзі ашық, оқыған, көреген адам болса деймін. Өнерді түсініп, бағалай алатын болса, ол – үлкен плюс, — деді ол.

Балжан Бидаштың бұл ашық әңгімесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік әншінің ішкі еркіндікке ұмтылысын қолдап, оның шынайылығына тәнті болған.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр