Қытай бала туғандарға ақша төлеп жатыр

29.07.2025, 11:42
183
Қытай бала туғандарға ақша төлеп жатыр 陈彬(安徽)

Ел демографияны сақтап қалу үшін тыраштанып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытай халқының саны жыл санап азайып бара жатқан тұста билік бала тууды ынталандыру мақсатында жаңа ұлттық субсидиялау бағдарламасын іске қосты. Енді үш жасқа дейінгі әр бала үшін отбасылар жыл сайын 3,6 мың юань (шамамен 500 доллар) көлемінде төлем алады.

Бұл қадам халықтың кемуі, өлім-жітімнің көбеюі мен қартаю процесіне қарсы бағытталған. Сонымен қатар, ішкі тұтынуды жандандыру да көзделіп отыр. «Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, төлемдер 2022 жылдан кейін туған балаларға да беріледі – олар ішінара өтемақы ала алады. Бағдарлама шамамен 20 миллион отбасын қамтуы мүмкін.

Бұл – «бір отбасы – бір бала» қағидасынан кейінгі ірі бетбұрыс. Жергілікті деңгейдегі бұрынғы шаралардың сәтсіз болғанын ескерсек, бұл бастама мемлекет үшін үлкен үміт артып отырған өзгеріс саналады.

Дегенмен, сарапшылар бұл төлемдердің тиімділігіне күмәнмен қарайды. Capital Economics зерттеу орталығы бұл субсидиялар туу көрсеткішіне де, тұтынушылық белсенділікке де қысқа мерзімде елеулі әсер етпейді деп есептейді. Қытайда бір баланы 17 жасқа дейін өсіру шамамен 75,7 мың долларға түседі – бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Қытай билігі бұл төлемдерді аймақтық ынталандыру бағдарламаларымен ұштастырмақ. Мәселен, Хух-Хото қаласында үшінші балаға 100 мың юань беріледі, ал кей өңірлерде балабақша ақысы толық субсидияланады.

Алайда мамандар мәселе тек ақшамен шешілмейтінін ескертеді. Басты кедергілер – тұрғын үй бағасының тым жоғары болуы, балабақша тапшылығы, жұмыс орнында аналарға қатысты кемсітушілік пен қоғамдағы теріс көзқарастар.

Бұған дейін Қытайдың халық банкі үкіметке бала санына қатысты барлық шектеулерді дереу алып тастауды ұсынған еді. Өйткені сарапшылардың болжауынша, 2050 жылға қарай Қытайдағы зейнет жасындағы адамдар саны 500 миллионға жетеді. Ал жұмысқа қабілетті тұрғындар қатары күрт азайып, ел демографиялық артықшылықтан айырылуы мүмкін.

Шымкентте таксист америкалық журналисті зорламақ болды «Қайынсіңілімді ертіп жігітпен кездесуге бардым»: Психолог Мақпал Қаратай бұрынғы күйеуін қыдыруға жібергенін айтты Жамбылда зейнеткер кішкентай баланы шапалақпен тәрбиелемек болғаны үшін өзі жазаланды 500 келі салмақпен танымал болған әйел көз жұмды Оралдағы спорт мектебінде 5 жасар бала көз жанарынан айырылды Маңғыстауда жүк көлігінің жүргізушісі полицейден қашқан (ВИДЕО) Астаналықтар автобуста ақша сұрайтын жастардан шаршағанын айтты Түркістанда бірнеше қызға азғындық жасаған ер адам небәрі 2,5 жылға сотталған Келіссөздер далбаса болғаны ма? Ресей Украинаға тағы да әуеден соққыға жасап, 21 адам қаза тапты Астанадағы аурухана дәрігерлері жүкті әйел туралы жазған адамды сотқа бермек Самарқанда ресейлік әйел өзін таксист зорлады деп айыптады «Әкімнің қызын түсірді»: Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзованың арасындағы дау қайта ушықты Газа билігі Израильді гуманитарлық көмекті әдейі тонатты деп айыптады «Қолымды былғағым келмейді»: Танымал дзюдошы израильдікпен белдесуден бас тартты Алматыда күзетшіні өлтірген экс-депутаттың ұлына марқұмның әйелі қатаң жаза сұрады Каспий теңізінде жер сілкінді Атырау әкімдігі сотта McDonald’s-тен жеңіліп қалды Forbes тізіміндегі миллиардерлерге тиесілі кәсіпорында өрт болып, адам қаза тапты Бұрын-соңды болмаған табиғат апаты – Маңғыстаудағы Шетпе ауылыы су астында қалды (ВИДЕО) Қытай бала туғандарға ақша төлеп жатыр