Алматыда күзетшіні өлтірген экс-депутаттың ұлына марқұмның әйелі қатаң жаза сұрады

29.07.2025, 13:12
1279
Алматыда күзетшіні өлтірген экс-депутаттың ұлына марқұмның әйелі қатаң жаза сұрады бейнежазбадан

Бұрынғы депутаттың баласы күзетшіні аяусыз көлікпен мыжып, басына секіріп өлтірген еді. Марқұмның әйелі қаскөйді өмір бойына қамауды сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қалалық сотына «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісі өліміне қатысты үкімге қарсы апелляциялық шағымдар түсті.

2024 жылдың наурызында 45 жастағы алматылық ер адам күзетшіні жол талғамайтын көлікпен бірнеше рет басып өткен. Кейін оның басына секіріп, аса қатігездікпен өлтірген. Бұл оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам есірткіге тәуелді болған және көп жылдан бері сол үйде ата-анасымен бірге тұрып, көршілерін үрейде ұстап келген. Қанды оқиға күзетшінің оның ауладан шығуына ата-анасының өтінішімен тыйым салуынан туындаған.

БАҚ мәліметінше, күдіктінің әкесі — бұрынғы депутат, ал бұған дейін Талдықорған қаласының прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған.

2025 жылдың 9 сәуірінде сот айыпталушыны ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») және 147-бабы 5-бөлігі («Жеке өмірге қол сұғушылық және дербес деректерді заңсыз пайдалану») бойынша кінәлі деп танып, 22 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, сот шешімімен айыпталушы марқұмның туыстарына 24 миллион теңге және 1,15 миллион теңге заңгерлік шығын ретінде өтеуге міндеттелді.

Марқұмның әйелі – Әсем Молдахұнова сот үкіміне келіспей, қылмыскерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын беруді талап етуде. Оның адвокаты Арман Шәріповтің айтуынша, 22 жыл тым жұмсақ жаза.

«Біз сот үкімімен келіспейміз. Бұл іс бойынша ең жоғарғы жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыру. Сонымен қатар, моральдық өтемақыны толық өтеуіміз керек еді. Біз 100 миллион теңге талап еттік, бірақ сот тек 20 миллионын ғана қанағаттандырды», – деді адвокат.

Айыпталушы тарап та апелляциялық шағым түсірген. Оның қорғаушысы керісінше, жазаның тым ауыр екенін айтып, жеңілдетуді сұрап отыр.

Сот отырысы 29 шілдеге жоспарланған еді, бірақ айыпталушыны қосу мүмкін болмағандықтан кейінге шегерілді.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды